Автобус

Жолақы 1 теңге: Астанада автобуспен жүру ақысын SMS арқылы төлеуге болады

289
SMS арқылы жолақыны төлеу үшін жолаушыға балансында қаражаты бар ұялы телефон қажет

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Астана қаласының мәслихат депутаттары автобустарда жолақыны SMS және мобильді қосымша арқылы төлеу әдісін енгізуді мақұлдады.

Бұл әдіс қыркүйектен бастап іске қосылады деп жоспарланған, нақты күнін қосымша хабарлайды.

SMS арқылы төлегенде жолақы қанша тұрады?

SMS арқылы төлегенде жолақы 90 теңге тұрады. Естеріңізге сала кетсек, қалада дифференцияланған тариф жүйесі қызмет етеді. Қолма-қол ақшамен төлегенде, жолақы – 180 теңге, ал AstraPlat картасымен – 90 теңге.

Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңге жалақы алуы мүмкін

Жолақыны ұялы телефонның балансы арқылы қалай төлейміз?

SMS арқылы төлеу үшін жолаушыға балансында қаражаты бар ұялы телефон қажет. Қандай телефон болса да бәрі бір, ең бастысы, SMS хабарлама жіберу мүмкіндігі болса болғаны.

Бүкіл автобустарда ілінген қысқа нөмірге автобус туралы жеке мәліметті жіберсеңіз, телефон балансынан қажетті сома алынады.

Оқушылардың көлік картасы қанша тұрады?

Смартфонмен жолақы төлеу – SMS-тен басқа қандай жолы бар?

Смартфон иелері SMS-тен бөлек, арнайы қосымшаға автобус туралы жеке мәлімет енгізу, көліктің геолокациясын көрсету немесе автобустағы QR-кодты сканерлеу арқылы жолақыны төлей алады.

Android операциялық жүйесі орнатылған телефон иелері арнайы NFC белгісі арқылы да жол жүру ақысын төлеу мүмкіндігіне ие.

SMS арқылы және мобильдік қосымшамен төлеген кезде, электронды билет телефонға жіберіледі.

Төлеу кезінде басқа комиссия алынбайды – тек жолақы құны. Мобильді қосымшамен төлегенде, бірнеше әдістің біреуін таңдауға болады: телефон балансынан, банк карточкасымен немесе электронды ақша арқылы.

Электронды қызмет көрсетулер арқылы жолақыны төлегенде автобусты тегін ауыстыру мүмкіндігі берілмейді.

SMS арқылы неше билет сатып алуға болады?

SMS пен мобильді қосымша арқылы өзің үшін ғана емес, басқа жолаушы үшін де жолақыны төлеуге болады.

Автобус жолақысы – 1 теңге, қалайша?

Beeline операторы жолаушыларға акция ұсынып отыр. Бұл оператордың абоненттер SMS арқылы 1 теңгеге билет сатып алады, ал қалған 89 теңгесін оператордың өзі өтейді.

Астанада көлік картасын енгізу — алғашқы нәтижелер

Акция қыркүйекте басталып, ай соңына дейін жалғасады. Кейін 2018 жылдың соңына дейін әр дүйсенбі сайын 1 теңге жолақымен жүруге мүмкіндік болады.

Астана LRT жаңа карта шығарады

"Астана LRT" ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов хабарлағандай, алдағы уақытта біріктірілген карталар шығарылмақ.

Яғни жолаушы екі карта емес, бір ғана картаны қолданатын болады. Осы қанатқақты жобаның аясында алғашқы 3-5 мың карта Еуразиялық банкпен серіктесе отырып қолданысқа беріледі. Болашақта басқа да банктермен бірлесе карта шығару қолға алынбақ.

Ұялы телефон арқылы көлік картасын толтыру

AstraPlat картасының иелері көп ұзамай ұялы телефон немесе ұялы операторлардың сайты арқылы да көліктік әмияндарын толтыра алатын болады. Бұл мүмкіндік Beeline, Kcell, Аctiv операторларының клиенттеріне ұсынылмақ. Олар қысқа нөмірге SMS арқылы көліктік картаның нөмірі мен сома көлемін жіберу арқылы көліктік картаның балансын толтыра алады. Ұялы телефон балансындағы қаражаттан көрсетілген сома көліктік карта балансына жіберіледі. Beeline, Kcell, Аctiv сайттары арқылы да осы қызметті орындау мүмкін болмақ.

Сонымен бірге, "Еуразиялық банк" АҚ интернет-банкингі мен терминалдары және "KapitalBank Kazakhstan" АҚ интернет-банкингі арқылы баланс толтыру мүмкіндігін енгізу жоспарда бар.

289
Кілт сөздер:
жолақы, көлік картасы, ұялы телефон, автобус, Астана
Тақырып:
Астана жаңалықтары (89)
Тақырып бойынша
Астананың автобустары кондукторсыз жүретін болады
Жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Исекешев жауап берді
Загрузка...