Құрбан Айт

Назарбаев: Құрбан айт рухани тұтастығымызды нығайта түседі

229
(Жаңартылды 09:02 22.08.2018)
Мемлекет басшысы Құрбан айт күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам екенін атап өтті

АСТАНА, 21 тамыз— Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Құрметті отандастар! Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам. Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық", — деді мемлекет басшысы. 

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады. Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі.

Тамыз айында қазақстандықтар он күн демалады 

"Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін! Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын! Айт қабыл болсын!", — деп  түйіндеген Елбасы. 


229
Кілт сөздер:
ислам діні, құттықтау, құрбан айт, Назарбаев, Қазақстан
Тақырып:
Құрбан айт 2019 (29)
Тақырып бойынша
Қасиетті Құрбан айт мерекесі туралы деректер
Құрбан айт күндеріне арналған ауа райы болжамы
Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 18 дерек
Діни басқарма Қазақстандағы Құрбан айт намазының уақытын жариялады
Құрбан айт 2019: мереке жайлы не білуіміз керек?
Құрбан айт - мал сою мерекесі емес
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігерлер

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

328
Коронавирус инфекциясы мен ковидтік пневмониядан болған өлім-жітім бойынша тәуліктік мәліметтер жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 3 адам COVID-19-дан, ал бір адам ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Бір тәулікте 52 адамда коронавирус диагнозы расталды, 38 адам пневмонияға шалдықты.

13 наурыздан бері республика бойынша барлығы 107 775 адамда коронавирус анықталды. 1 725 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері 32 490 адам пневмонияға шалдықты, 350 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 314 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр. 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 94 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 15 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 23 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

328
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 52 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды

28
(Жаңартылды 08:35 28.09.2020)
Бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 52 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1
  • Алматы қаласы - 6
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 14
  • Жамбыл облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 5.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша ауырғандар саны 107 775 адамға жетті.

28
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бір жылда 13 ай болу керек": қазақстандық ғалымдар тұрақты күнтізбе ойлап тапты
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді
Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады
Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір
бауырластар зираты

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгердің сүйегі елге қайтарылады брифинг

0
Сарбаз Киевті қорғау кезіндегі шайқаста хабарсыз кеткен. Іздеу тобы оның сүйегін 2020 жылдың наурыз айында Украинадан тапты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек  —  Sputnik. 28 қыркүйекте сағат 10.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін елге жеткізуге қатысты онлайн-брифинг өтеді.

Қайыржан Тікшекеев Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кетті деп саналған. 2020 жылдың наурыз айында оның сүйегін "Вертикаль" іздеу отряды Украина аумағынан тапқан. Жақын арада сарбаздың сүйегі туған жеріне жеткізіліп, туыстарына тапсырылады.

Спикерлер:

  • Мұрат Молдағалиев - "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы;
  • Марат Тікшекеев - қаза болған жауынгер Тікшекеев Қайыржанның немересі.

Онлайн брифинг Sputnik Қазақстан сайтында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

БАҚ өкілдерін онлайн-брифингті көруге шақырамыз, спикерлерге қойылатын сауалдарды +7 (747) 2207401 (WhatsApp) нөміріне жіберуге болады.

0