Қоғам

"Әдетке айналып бара жатқан сияқты". Сағынтаев Астана әкіміне ескерту жасады

© Sputnik / Асем МиржекееваНөсер жауын
Нөсер жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр су басу салдарынан адамдар мен қоғамдық көліктердің зардап шекпеуң тиіс екенін айтып өтті

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Үкіметтің кезекті отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астананы су басуға байланысты пікір білдіріп, бұл жағдайдың қалай алдын алуға болатынын айтып берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананы су алып кетті: сенаторлар шара қолдануды талап етеді

Бірнеше күн қатарын жауған жауын-шашын салдарынан Астананы тағы да су басып, кей көшеде көлік қозғалысы шектелді. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында осы проблемаға назар аударып, Астана әкімдігіне ескерту жасады. 

"Бірнеше күн тоқтамай жауған жауын-шашын салдарынан қаланың көркі бұзылды. Жаяу жүргіншілер жолы бүлініп, қоғамдық көліктер еркін қозғала алмады. Осыған байланысты мемлекет басшысы ескерту жасап, жауын-шашын суы кететін құбырларды модернизациялауға қатысты бірқатар тапсырма берді. Қаланың жағдайы үшін әкімдік жауап беретінін барлығымыз жақсы білеміз. Естеріңізге тағы да салайын, осы болып жатқан барлық жайсыз жағдайлар үшін қала жауапты. Адамдар мен қоғамдық көліктер зардап шекпеуі тиіс", — деді Сағынтаев. 

Ол, сондай-ақ, Тұран, Момышұлы және Бараев көшелерінің қатты зардап шеккенін айтып өтті. 

"Мәселе қаланың көркінде ғана болып отырған жоқ. Бұл әдетке айналып бара жатқан сияқты. Себебі, қаланың белгілі бір бөлігін ғана қайталап су басады. Су автобустардың ішіне де кіріп кеткен екен. Проблемалары көп көшелерде арнайы жұмыс жүргізіп, мұндай оқыс жағдайға алдын ала дайындалу қажет. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін құдықтар мен суағарларды тазартып отыру қажет. Өткен аптада сіз Астананы дамытуға қатысты кешенді жоспарды ұсындыңыз. Сол жоспарды жүзеге асырған кезде құбырлар мен суағарларға ерекше назар аударуға тиіссіз", — деді премьер-министр қала әкімі Әсет Исекешевке. 

Естеріңізге сала кетсек, тамыздың 20-сынан 21-не қараған түні Астанада қатты жаңбыр жауған болатын. Осы кезде қаланың барлық коммуналдық қызметі қарқынды түрде жұмыс істеді. 

Алматыда саяжайларды су алып кетті

Құтқарушылар Алматыдағы нөсер жауынның салдары туралы айтты

Жаңалықтар
0