мектептегі сабақ

Исекешев жаңа оқу жылында ұстаздардың жалақысы өсетінін айтты

2425
(Жаңартылды 11:51 25.08.2018)
Өткен оқу жылында Астанада мұғалімдердің орташа жалақысы 110 мың теңге болды

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Жаңа оқу жылында Астана қаласындағы мұғалімдердің орташа жалақысы 150 мың теңгеден асады. Осы уақытқа дейін ұстаздардың орташа жалақысы 100-110 мың теңге болған еді. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал: білім беруге арналған шешімдер" атты педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесінде айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл білім саласында мектепке дейінгі мекемелер қаржыландырудың жаңа әдістемесіне көшіп жатыр. Мемлекеттік тапсырыстың ең кіші сомасы 23 мың теңгеден 27 мың теңгеге дейін өсірілді. Бұл білімнің сапасы мен өзара бәсекелістікті арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, көмекші тәрбиешілердің жалақысына 20 мың теңгеден қосылуы мүмкін. 

Анализ нәтижесінде әр мектептің қаржысын үнемдеу арқылы ұстаздар жалақысын 20 процентке дейін өсіруге болатынына көз жеткіздік. Қазір кей мектепте орташа айлық жалақы 100-110 мың теңгені құраса, жаңа оқу жылынан бастап бұл көрсеткіш 150 мың теңгеден асады. Яғни мұны мектепке кететін ақшаны үнемдеу арқылы жүзеге асырамыз", — дейді Әсет Исекешев. 

Мұғалімдердің үстемақысын көбейту мәселесі не болып жатыр?

Әрі қарай әкім қаласында көп ұзамай ұстаздарға деген сұраныстың артатынын айтып өтті. Мұны ол қалада бірінші сыныпқа баратын балалар санының күрт өсуімен байланыстырды.

"20 жыл ішінде Астанадағы саны 5 есе, яғни 3 мыңнан 15 мыңға дейін артып отыр. Алдағы бес жылда жаңа мектептер мен балабақшалардың ашылуын ескере отырып мамандардың қажеттілігі 5 мың адамды құрайтын болады. Соңғы екі жылда 9 мың мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтті. Олардың 5 мыңнан астамы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 787 адам ағылшын тілі курстарын бітірді. 211 мекеме басшысы тиімді менеджмент курстарынан өтті. Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам мұғалімді курстармен қамту жоспарланып отыр. Биыл алғаш рет елордамыздың дамуына аса қажетті мамандықтар бойынша республиканың 13 жоғары оқу орындарында әкімдік тарапынан 1000 грант бөлінді. Жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша, сұранысы көп мамандықтар анықталды, соның ішінде: білім беру, медицина, туризм, дизайн, кәсіпкерлік, ірі деректерді талдау, құрылыс саласы, көліктік салалары бар", — дейді ол. 

Сондай-ақ, Исекешев қаладағы 24 колледжде өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша тағы 1050 орын бөлінгеніне тоқталды. Колледждер базасында "Лифт шаруашылығы", " Қоғамдық көлік жүргізушілерін оқыту", "Ақпараттық технологиялар" және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін кешкі курстар ашылып отыр.

Министр білім саласындағы өзгерістер туралы айтты

2425
Кілт сөздер:
1 қыркүйек, ұстаздар, оқу жылы, білім беру, мұғалімдер, жалақы, Әсет Исекешев, Астана
Тақырып бойынша
Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан жаңа оқулыққа енді
Исекешев "Астана бюджет қаржысына күн көріп отыр" деген аңызды жоққа шығарды
"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты
Қағазбастылықпен күрес. Енді мұғалімдер 5 құжат қана толтырады
Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

107
(Жаңартылды 21:36 10.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

107
Науқасты тексеріп жатқан дәрігер

Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек пульмонолог кеңесі

112
Медицина ғылымдарының докторы дене жаттығулары мен тыныс алу гимнастикасы ауру асқынған жағдайда қауіпті екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. "Астана медицина университеті" ҰАК отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова пневмонияға шалдыққан науқастарға көбірек етпетінен жатуға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Етпетінен жиі жату керек. Респираторлық синдром пайда болғанда, егер ол рентгенограммамен немесе компьютерлік томографиямен расталса, біз күніне бірнеше сағат, ал ауыр жағдайларда 12-16 сағат жатуға кеңес береміз",– деді Латыпова онлайн брифингте.

Айтуынша, бұл өкпеге пайдалы.

Сонымен қатар, пульмонолог пневмониясы бар пациенттерге массаж жасау туралы айтты.

Оқи отырыңыз: Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?

Латыпова массаждың пайдасы дәлелденбегенін, сондықтан дәрігерлер оны пневмониядан емдеудің тиімді әдісі ретінде ұсынбайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол дене жаттығулары мен тыныс алу гимнастикасы ауру асқынған жағдайда қауіпті екенін жеткізді.

112
Кілт сөздер:
емделу, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусты үйде қалай емдеу керек
COVID-19: Ресей дәрігерлері науқастарды емдеу тәжірибесін бөлісіп жатыр
Пневмония коронавирустан басым түсті – қайтыс болғандардың саны екі есе көп
Сағынтаев Алматыдағы пневмония эпидемиясына қатысты мәлімдеме жасады
Коронавирусты емдеу тәртібі өзгерді – ауруханалар қалай босатылады