Әсет Исекешев

Астанада қоғамдық көліктер жұмысына қайда шағымдануға болады?

80
(Жаңартылды 08:28 28.08.2018)
Astana LRT транспорт компаниясының жұмысы көңіліңізден шықпаса, 109 нөміріне қоңырау шалып шағымдана аласыз

АСТАНА, 27 тамыз  Sputnik. Қала әкімі Әсет Исекешев тұрғындардың Astana LRT компаниясының жұмысына қатысты шағымдарын 109 нөміріне қоңырау шалып айтуларына болатынын жеткізді.

Қала басшысының айтуынша, аз уақыт ішінде осы нөмірге тұрғындар тарапынан көптеген шағым келіп түскен.

"Бір жылда әкім орынбасарларымен бірге барын салып жұмыс істесе де, көп дегенде бірнеше мың адамды ғана қабылдай алады. Ал осы бірыңғай қызмет түрінің арқасында қазірдің өзінде 460 мың сұраным келіп түсті. Кез келген тұрғын шағымын әлеуметтік желіде жазып немесе 109 нөміріне хабарласып айту құқығына ие. Бұл  қаладағы барлық қиындықты көріп, бақылап отыратын орталық",  дейді әкім.

Сондай-ақ, Исекешев штаттан тыс жағдайларға арналған 164 регламент құрылғанын айтты. Олар әкім және оның орынбасарының қоңырауын күтпестен оқыс жағдай болған жерге барып өз беттерімен жұмыс істей береді.

"109 нөміріне қоңырау шамамен үш секунд ішінде барады. Қазір су каналына қатысты шағымдар өте көп түсіп жатыр. Мұнымен қатар, Astana LRT компаниясының қызметіне қатысты шағымдар да жетерлік. Осы Call-орталықтың арқасында біз тұрғындар мен компания арасында байланыс орнатамыз",  дейді қала әкімі.

Астана әкімі ұстаздарға 3 мың пәтер берілетінін айтты

Бұдан өзге Әсет Исекешев үздіксіз мониторинг жүргізудің арқасында қаладағы көптеген қызметте тәртіп орнағанын айтып өтті. Сондай-ақ, бұған Астана тұрғындарының қосып отырған үлесі зор екеніне назар аударды.

iKomek тұрғындардың шағымы мен өтініштерін қабылдап, оларды жедел және коммуналдық қызметтерге жеткізіп отырады. Фронт-кеңсенің басты мақсаты  тұрғындардың қиындығын 90%-ке дейін шешу.

80
Кілт сөздер:
мақсат, әкім орынбасары, апатты жағдай, тұрғындар, әкім, Astana LRT, Әсет Исекешев, Астана
Тақырып:
Астана жаңалықтары (89)
Тақырып бойынша
Исекешев жаңа оқу жылында ұстаздардың жалақысы өсетінін айтты
"Үш жылда шешеміз". Әсет Исекешев Сағынтаевтың алдында қалай ақталды?
Жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Исекешев жауап берді
Қала орталығында ер адам полицейлерге оқ жаудырды - видео
Тәжікстанда 47 жастағы қала тұрғыны әйелін өртеп жіберді
Қала басшысы дүйім жұрттың алдында егеуқұйрықты жеп қойды
"Кешір, Денис!" Астана жұртшылығы спортшымен қоштасты
Астана биіктіктен қалай көрінеді? Әкім сурет жариялады
Астана тұрғындарының орташа жалақысы қанша екені белгілі болды
"Әдетке айналып бара жатқан сияқты". Сағынтаев Астана әкіміне ескерту жасады
Загрузка...