Оқушылар

Сағадиев латын әліпбиімен оқи бастайтын сыныптарды атады

1184
(Жаңартылды 17:56 28.08.2018)
Астананың бес мектебінде латын графикасын енгізу бойынша апробация басталады

АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Елорданың бес мектебінде 0 және 1 сынып оқушылары үшін латын графикасын енгізу бойынша апробция жүргізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Эксперимент аясында бірнеше нұсқа дайындалды, бірнеше мектеп іріктелді. Біз бұл білім ордаларында апробацияны бастаймыз. Сынақ нәтижесі бойынша балалардың латын әліпбиін қалай меңгеріп жатқанын, оларға қалай ыңғайлы екенін анықтаймыз. Бұл қарапайым ғылыми жұмыс, министрлік мұнымен өте жақсы таныс. Сондықтан қандай да бір қиындықтар болады деп ойламаймын", —деді Сағадиев үкімет кулуарында. 

Министрдің айтуынша, латын әліпбиімен басылған оқулықтар кәдімгі стандартты оқу бағдарламасы сияқты, ерекше өзгеріс жоқ. Сондай-ақ, ол апробация орта мектептерде жүргізілетінін атап өтті.

Латын әліпбиі қазақ ұлтының бөлшектенуіне әкелуі мүмкін бе?

"Астанада апробация жүргізу үшін бес мектеп таңдап алынды. Балалар дайын, оқулықтар бар…Қазір қандай сыныптар екенін нақты айта алмаймын, бірақ 0 және 1 сыныптардың бары анық", — деді ведомсво басшысы.

Латын графикасына көшу туралы бүкіл ақпаратты Sputnik материалдарынан оқыңыз

1184
Кілт сөздер:
сыныптар, оқу жылы, латын графикасы, Білім және ғылым министрлігі, Ерлан Сағадиев
Тақырып:
Латын әліпбиіне көшу (46)
Тақырып бойынша
"Бала көп, мектеп жоқ". Сағадиев Астанадағы басты проблеманы көтерді
Сағадиев биыл білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты
Баяндаманы тыңдамаған Сағадиев үкімет басшысынан сөз естіді
Сағадиев жалақысын 50%-ға өсіру үшін қанша мұғалімнің тест тапсыратынын айтты
Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева қазір немен айналысып жүр - желіде видео пайда болды

2
(Жаңартылды 13:04 04.06.2020)
Жастар конгресі кеңесінің төрағасы ұйымның жаңа кеңсесінде болып, отырыс өткізгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сенаттың бұрынғы спикеріДариға Назарбаева Қазақстанның жастар конгресінің төрағасы қызметін атқарып жүр. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға ұйым растады.

2
Кілт сөздер:
желі, видео, Дариға Назарбаева
Ақша, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды

24
(Жаңартылды 12:39 04.06.2020)
Шенеунік Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларды өткізу үшін келісімшарт рәсімдеуге қамқорлық жасаған деп күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Елорданың мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Агенттік Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларды өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын рәсімдеуге қамқорлық жасағаны үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр", – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алулар аясында бюджеттен бөлінген қаржының жалпы сомасы 195 миллион теңге болған.

"Тергеу сотының шешімімен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", – деп атап көрсетті Биғайдаров.

Оқи отырыңыз: Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео

24
Кілт сөздер:
пара, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Қазақстанда 11 шенеунік отставкаға кетуі мүмкін
"Ешбірі баланы ойламайды": Шенеунік жатып ішер басшылар жайлы ашық жазды