Қоғам

Назарбаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыдан 23 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды

АСТАНА, 30 тамыз — Sputnik. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Конституция - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бүгін – Конституция күні

"Еліміздің Ата заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, тарихи дамуымыздың жалпыұлттық бағдарын айқындауда басты мәнге ие болып отырғанын дәлелдеді.Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты", — дейді Елбасы құттықтау сөзінде

Мемлекет басшысы атап өткендей, Ата заңымызда жарияланған заң үстемдігі, құқықтар мен бостандықтардың мүлтіксіз сақталу қағидаттары, әлеуметтік кепілдіктер мен жалпы адамзатқа ортақ жоғары құндылықтар әрбір азаматтың жанына жақын әрі түсінікті.

"Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың конституциялық нормалары – бүкіл Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін дәйекті даму мен жаңғыру үдерістерінің негізі!", — дейді Назарбаев.

Назарбаев кезінде 20 елдің конституциясын зерттегенін еске алды

Қазақстан президенті сөз соңында бүгінгі мерекеге орай барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке тіледі.

Жаңалықтар
0