Алик Шпекбаев

Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді

588
(Жаңартылды 16:52 02.09.2018)
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлердің қазақстандық кәсіпкерлер құқығын қорғауы керектігін айтып өтті

АСТАНА, 2 қыркүйек  Sputnik. Күн сайын жемқорлық туралы 50-100 шақты хат аламын. Осылай мәлімдеді агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

ҚР мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әр азаматқа халық алдында қандай жауапкершіліктерінің бар екенін естеріне салды. Жемқорлық әрекетке барған шенеуніктер ғана емес, кез келген деңгейдегі басқарма төрағалары жауапкершілікке тартылады

"Қазір біздің қоғам ешнәрсені бүкпестен айтып, әлеуметтік желіде жазатын болды. Біздің call-орталықтар бар, сондай-ақ, менің Facebook желісіндегі парақшам ашық. Күнделікті 50-100 шақты хат аламын. Қазір адамдар қиындықтары туралы айтудан қорықпайды",  дейді Шпекбаев.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлердің қазақстандық кәсіпкерлер құқығын қорғауға атсалысқандары жөн екенін айтып өтті. Себебі, бұл Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды.

 

588
Кілт сөздер:
кәсіпкер, жемқорлық, пара, сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметкерлер, Алик Шпекбаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда 30-дан астам әкім пара алғаны үшін ұсталды
45 мың теңге пара алған департамент қызметкеріне 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Петропавлда бұрынғы шенеунікке алған пара көлемінен 60 есе көп айыппұл салынды
Пара беріп ұсталған "Қазавтожолдың" экс-басшыларының бірі асылып қалды
Алматыда мемлекеттік қызметкер пара ретінде ақша мен Iphone алған
БАҚ: Rolls-Royce Қазақстан шенеуніктеріне пара бергенін мойындады
60 мың теңге пара алған шенеунік 3,3 миллион теңге төлейді
Шпекбаев: мемлекеттік қызметкерлердің тегін баспанаға иек артпағаны жөн
Шпекбаев: мемлекеттік сатып алу саласында кадрларды алмастыру мәселесін қолға алдық
Шпекбаев: Ли Куан Ю жемқорларға «қамқор» басшылар туралы дұрыс айтты
42 500 теңге жәрдемақы

42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

3818
Балалар омбудсмені Аружан Саин мемлекет төлейтін жәрдемақы бірнеше баланы тамақтандыруға жетпейтінін айтты

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

"42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады", - деді Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

"Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты 

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

3818
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
Президент: шілде айына 42 500 теңге төленеді
Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме?
42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады
Зерхана қызметкері

Пневмония коронавирус статистикасына қосыла ма Қазақстан ДДҰ жауабын күтіп отыр

47
(Жаңартылды 14:50 15.07.2020)
Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың меңгерушісі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына атипиялық пневмонияны коронавирус жұқтырғандар статистикасына қосуға қатысты сұрау жолдады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", – деді Бюрабекова онлайн брифингте.

Ол Қазақстан пневмонияны коронавирус статистикасымен біріктіруге қатысты ДДҰ-ға сұрау жібергенін айтты.

"Жуырда сұрау жолдадық, ДДҰ-ның жауабын күтіп отырмыз. Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс деректерге қатысты шешімге келеміз. Әр елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді", – деді вице-министр.

Оқи отырыңыз: Дәрігер денсаулық министрлігінің тағы бір қателігін айтты

Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан еді.

47
Кілт сөздер:
науқастар, статистика
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
"Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады
Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді
Оркестр, архивтегі сурет

Қазақстанда 16 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 15:41 15.07.2020)
Sputnik Қазақстан 16-22 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 – "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция  TengriTV)

19 шілдеге жоспарланған шаралар

18.00 - "Астана Опера" театрының "От Севильи до Неаполя" концерті (Трансляция  TengriTV)

22 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 - "Астана Опера" театрының "Қыз Жібек" операсы (Трансляция  TengriTV).

18.00 - "Астана Опера" театрының "Восемь времен года" концерті (Трансляция  TengriTV).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
оқиғалар, шілде, Қазақстан