Қоғам

Ертең де Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЗима. Архивное фото
Зима. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 3 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 2 қыркүйек  Sputnik. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен орталығында түнде ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 30-ға тарта адамды үсік шалды

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 3 градус үсік жүреді деп болжануда.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, топырақ бетінде —1 °С, күндіз +13+15°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жел соғады. Сынап бағанасы түнде +8+10°С, күндіз +15+17°С.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, шығыста жауын соңы қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел күшейеді, түнде және таңертең — тұман. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қазақстанның Шығыс бөлігінде қар жауды

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0