Дәрігер, архивтегі фото

Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр

101
(Жаңартылды 12:50 05.09.2018)
Премьер-министр тұрғын үйлердің бірінші қабатында шағын медициналық нысандар ашуды тапсырды

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев медициналық көмек сапасын әлі де болса көтеру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде денсаулық сақтау желісі дамыған, оны жақсы білесіздер. Дегенмен де, халық әлі де болса,  сапалы медициналық көмек ала алмай келеді, әсіресе ауылдық жерлерде. Сондықтан бүгін министр ұсынған медициналық көмек сапасын жақсарту бойынша шараларды қолдайық. Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірлесіп ұсынылған шараларды тиімді іске асыруды тапсырамын", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Премьер-министр Астана әкімдігінің тұрғын үйлердің бірінші қабатында шағын емханалар ашу бастамасын қолдап, басқа өңірлерде де осы тәжірибені енгізуді тапсырды. 

"Жаңа Әсет Өрентайұлы (Астана әкімі – автор ескерт.) жақсы ақпарат берді: жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы жұмыс жүргізу, емхана санын көбейту, дәрігерге жүктелген адамдардың санын төмендету… Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінші қабатында шағын емханалар салынғаны жөн. Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министрдің орынбасары – автор ескерт.), үйлердің жобасын жасаған кезде, бірінші қабаттарда балабақшалар мен шағын медициналық нысандар ашуға мән беру керек. Кәсіпкер инвестиция тартуға ниетті. Осы бағытта жұмыс жүргізу қажет", — деді үкімет басшысы. 

Маңдайға жазғаны болады: Ғалымдар әжімге қарап адамның өлетін күнін анықтады  

Сондай-ақ Сағынтаев денсаулық сақтау министрлігі мен ақпарат министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, адамдардың сапалы медициналық көмек алуын жеңілдететін жаңа технологиялар туралы халық арасында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

"Бұл жұмыс толыққанды жүрмей отыр. Осыған баса назар аударыңыздар", — деді ол.


101
Кілт сөздер:
жекеменшік емхана, медицина, Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
"Нәтиже жоқ!". Сағынтаев Елбасының айтқанын орындамаған шенділерді сынады
"Әдетке айналып бара жатқан сияқты". Сағынтаев Астана әкіміне ескерту жасады
Сағынтаев "іскер" министрлердің әрекетін қалжыңға айналдырды
Сағынтаев "7-20-5" бағдарламасына қатысты Ұлттық банкке тапсырма берді
Дәрігер

Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты

128
Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші жоғарылағандықтан, өңірге арнайы комиссия аттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық пандемияға байланысты Атырау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі", – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

11 шілде күнгі деректер бойынша Атырау облысында 7 662 адамда коронавирус ауруы анықталған. Ал өткен тәулік ішінде 269 адамда аталған індеттің диагнозы расталды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Теңіз кен орнында екі мыңнан астам компания қызметкерінде коронавирус ауруы анықталған.

Инфекция ошағы ретінде Теңіз кенішіндегі 36 вахталық поселке мен Теңізде жұмыс істейтін 57 ЖШС есепке алынған.

Айта кетейік, президент жақында ғана осы өңірге премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған арнайы комиссия жіберген болатын. Сондай-ақ, Тоқаев өңір басшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындамай отырғанын айтып, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сөгіс жариялағаны белгілі.

Кейіннен Атырау облысында карантин режимі күшейтілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар

Сонымен қатар, энергетика министрлігі мен оның жергілікті жердегі атқарушы органдарына ауысымға келген жұмысшылардың ПТР тестілеуден өтуін 3 күннен аспайтын мерзімде жасалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте жұмыс берушілер осы тапсырманың орындалуына жауапты болады.

128
Кілт сөздер:
эпидемия, коронавирус, Атырау облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев арнайы комиссия құруға тапсырма берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
Дәрігер қолындағы пробирка

Соңғы тәулікте 1 798 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

44
Коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің басым көпшілігінде – асимптоматикалық болып табылады. Ең көп жағдай Атырау мен Шығыс Қазақстан облысында және Алматы қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Өткен тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 779 науқас анықталды. Оның ішінде 1 061 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Жалпы, республика бойынша 58 253 жағдай анықталды. Өткен тәулік ішінде COVID-19 дертінен 1 314 адам емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы статистика/асимптоматикалық):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 88 / 40
  • Алматы қаласы - 242 / 81
  • Шымкент қаласы - 137 / 99
  • Ақмола облысы - 38 / 23
  • Ақтөбе облысы - 40 / 25
  • Алматы облысы - 48 / 29
  • Атырау облысы - 269 / 200
  • Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 150
  • Жамбыл облысы - 79 / 64
  • Батыс Қазақстан облысы - 97 / 43
  • Қарағанды облысы - 158 / 93
  • Қостанай облысы - 56 / 19
  • Қызылорда облысы - 91 / 33
  • Маңғыстау облысы - 72 / 67
  • Павлодар облысы - 51 / 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 48
  • Түркістан облысы - 56 / 41.
44
Кілт сөздер:
індет, эпидемия
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қытайдағы жаңа коронавирус: әлемге эпидемия қаупі төніп тұр - видео
Эпидемия қаупі қалыпты өмірге оралуға кедергі болмауы тиіс – Біртанов
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Таразда індет жұқтыруға жол берген әскери бөлімнің лауазым иелері қызметінен босатылды