дәрігер

Дәрігерлер бесінші ана өліміне қатысты түсініктеме берді

130
(Жаңартылды 14:00 04.09.2018)
Мамандардың айтуынша, әйел қант диабеті мен қан аздығы ауруларына шалдыққан

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Астана қаласында орналасқан №1 перинаталдық орталықта төртінші әйел көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Босанып жатып көз жұмған әйел қант диабеті мен қан аздығы ауруларына шалдыққан екен. Сондай-ақ, оның өліміне алдын ала болжап білуге болмайтын оқыс жағдай себеп болған.

"Әйел 1 қыркүйек сағат 22:20 шамасында қайтыс болды. Бұл аяқ астынан болған өлім. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған қан тамырлары сумен бітеліп қалған деген диагноз қойылды. Ал нақты неден қайтыс болғанын аптаның соңында дайын болатын гистологиялық тексеруден кейін білетін боламыз", — дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқарма төрағасының орынбасары Әлия Рүстемова.

№2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Лидің айтуынша, дәрігерлер марқұмға инсулинотерапиядан өтуге кеңес берген. Әйел бұл емнен бас тартып, қан құрамындағы қант мөлшерін азайту үшін белгілі бір дәрілер ішкен деген болжам бар.

"Шартты түрде айтайын, оның бойы 160 сантиметр, ал салмағы 90 килограмм болған. Осы нәрсе дұрыс деп ойлайсыздар ма? Дәрігерлер оған өздігінен босануға рұқсат берген. Меніңше, дәрігерлер оның аман алып қалу үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасады", — деп мәлімдеді Ли.

Сағынтаев елдегі медицинаның әлсіздігі туралы айтты

Сондай-ақ, штаттан тыс жұмыс істейтін акушер-гинеколог Иван Коркан бұл әйелдің өздігінен босану мүмкіндігі өте жоғары болғанын айтып өтті.

"Әрине, бәлкім бірден кесарево жасау керек болған шығар. Бірақ алдын ала тексеріс кезінде оған мұның қажеті жоқ екенін анықтадық", — деді Коркан.
Дәрігерлер босанып жатқан әйелдің жүрегі тоқтап қалғанына қарамастан, оның сәбиін құтқарып үлгергендерін айтты.

Биыл маусым-шілде аралығында Астана қаласындағы екі перинаталдық орталықта төрт әйел қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы мәселеге тоқталып, соңғы алты ай ішінде аналар өлімінің көбейіп кеткенін айтқан-ды.

130
Кілт сөздер:
қайтыс болды, науқас, ана өлімі, дәрігер, аурухана, Астана
Тақырып бойынша
Дәрігерлер сушиден уланған ер адамның қолын кесуге мәжбүр болды
Дәрігерлер ұйқы үшін ең қолайлы уақытты анықтады
28 жыл өткен соң дәрігерлер науқастың қабағынан линза алып шықты
Қыздың кеудесінен 14 жылдан бері аяқ-қол өсіп жатыр – дәрігерлер операция жасамақ
Алматыда әкесі таспен ұрған бала: дәрігерлер жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмады?
Facebook

Ішкі істер министрі әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты

6
Тоқаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-те жеке аккаунты ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының халыққа жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында бүгіннен бастап ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тегі жеке аккаунтының ашылатынын хабарлаймын. Негізгі мақсат - халықпен диалог жасаудың алаңын құру", - деді Ораз бүгінгі онлайн брифингте.

Бұл қадам полицияның ашық және қолжетімді болу процесіне өз үлесін қосады деген сенімдеміз, деді ол.

Оқи отырыңыз: Желіде видео бөліскен алматылықтың басы бәлеге қалды

6
Қолдағы ақша, архивтегі сурет

Шымкентте төрт адам 40 миллион теңгемен ұсталды видео

20
(Жаңартылды 11:27 28.09.2020)
Олар алдын-ала сөз байласып, іс жүзінде орындамаған жұмыстар мен тиелмеген тауарлар бойынша жалған шот-фактура жазумен айналысқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында жалған шот-фактуралармен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, комитеттің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бір топ адамның алдын-ала сөз байласып, іс жүзінде орындамаған жұмыстар мен тиелмеген тауарлар бойынша аса ірі көлемде сомаға жалған шот-фактура жазумен айналысқанын анықтады.

"Атап айтқанда, 4 азамат алдын-ала сөз байласып 615 миллион теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 миллион теңге, яғни жалпы соманың 6,5% сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды", – дейді тергеушілер.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 216 бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Осыған орай, оларға үш жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

20
Кілт сөздер:
жалған құжат, қылмыстық топ
Тақырып бойынша
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйді босатуға мәжбүр
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған – видео
Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды: қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды