Қоғам

Вице-министр: еліміздегі барлық балабақшаға камера орнатылады

© PhotoБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық ата-аналар балаларын қашықтықтан бақылап отыру мүмкіндігіне ие болады

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Алдағы уақытта балабақшаларға да видео бақылау орнатылады. Сондай-ақ, осы камералардың арқасында ата-аналар балаларының не істеп жүргенін қашықтықтан көре алады. Осылай мәлімдеді ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Олжас Бектеновтің төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен жиын барысында, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?

Министрдің орынбасары жуырда еліміздегі барлық балабақшаға видео бақылау орнатылатынын жеткізді. Осы камералардың арқасында ата-аналар өздерінің балаларын қашықтықта жүріп бақылай алады.

"Мектептегі балалардың тілі шыққан. Келеңсіз жағдай болса олар айтып келеді. "Бүгін метепте осындай қиын жағдай болды" дегендей. Оның мысалын күнделікті тұрмыста көріп жүрсіздер. Ал балабақшадағы бүлдіршіндердің тілі шықпаған. Не болып жатқанын ата-анасына келіп айта алмайды. Сол себепті біз үшін балабақшаға видео бақылау орнату маңызды. Техникалық мүмкіндіктер болып жатса, балаларын ата-аналар қашықтықтан бақылайтындай жағдай жасау мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл біз үшін өте маңызды мәселе болмақ", — деді Асхат Аймағамбетов.

Әрі қарай білім және ғылым министрінің орынбасары балабақша мен өзге де мекемелерде сапаны арттыруға атсалысуға шақырды. Айтуынша, бұл мәселені шешу бір ғана министрліктің қолынан келмейді.

"Сапа және өзге де мәселелерді қоғам болып шешуіміз керек. Бұл мәселені бір министрлік немесе бір ғана адам шеше алмайды. Сондықтан біз өзгелерді жұмысқа араласуға шақырамыз", — деп қорытты сөзін вице-министр.

Жаңалықтар
0