Қоғам

ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің полиция полковнигі ұсталды – видео

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің полиция полковнигі ұсталды
ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің полиция полковнигі ұсталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті ұстау барысында қарсылық көрсеткен және бой тасалауға әрекет жасаған

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы 11,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik. 

12 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигін қылмыс үстінде әшкереледі.

Пара - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы полицейлері ірі көлемде парамен ұсталды

"Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы лауазымды тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлығы үшін бұрын келісілген 50 000 АҚШ доллары сомасының 11,5 миллион теңге көлеміндегі параны алу барысында ұсталды", — деді Бастарова. 

Оның хабарлауынша, ұстау барысында ол Ұлттық бюро департаментінің жедел департаменті қызметкерінің автокөлігін соғып, қарсылық көрсеткен және бой тасалауға әрекет жасаған.

Оның лауазымдық міндеттеріне республика бойынша ұйымдасқан түрдегі қылмыстарды тоқтату және анықтау кірген.

Күдікті ұсталып, Астана қаласы ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. 

Жаңалықтар
0