Қоғам

Полиция ескерту жасады: Астана әуежайында не болып жатыр?

© Sputnik / Асем МиржекееваАстана әуежайының жаңа терминалы
Астана әуежайының жаңа терминалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаттығулар жұма күні әуежай территориясында сағат 09.00 мен 13.00 арасында өтеді

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына келушілерге жұма күні таңертең антитеррористік жаттығулар өтетіні туралы ескертілді, деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

қазақстандық әскерилер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан мен Тәжікстан терроризм және діни экстремизммен күресті талқылады

Жоспарланған антитеррористік жаттығулар халықаралық "Нұрсұлтан Назарбаев" және "Air Astana" жедел штаб қызметкерлері үшін таңғы сағат тоғыздан түскі сағат бірге дейін өтеді. 

Шараның мақсаты – ведомствоаралық қарым-қатынысты нығайтып, транспорт объектілерінде террористік жағдайлар болған кезде шұғыл іске кірісу жұмыстарын жетілдіре түсу. 

"Жаттығуларда әртүрлі күрделі элементтер болатындықтан, расымен де, террористік әрекеттер болып жатқандай көрінуі мүмкін", — делінген хабарламада. 

Жаттығуларды өткізу кезінде тыйым салу шаралары қолданылады. Осы орайда, азаматтардан жаттығуға түсіністік танытып, барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау сұралады.

Жаңалықтар
0