Қалмұханбет Қасымов

Қасымов "отставкаға кетесіз бе?" деген сұраққа жауап берді

1595
(Жаңартылды 17:09 15.09.2018)
Денис Теннің өлімінен кейін қазақстандықтар министрдің отставкаға кетуін талап етіп шулаған еді

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов отставка туралы шешімді президент қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды тілшісі.

"Біз әскери адамбыз, президент қалай шешеді, соған бағынамыз. Бұйрық берілген жерде істейміз",- деп қысқа қайырды министр ОКҚ-де өткен брифингте.

Айта кетсек, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін қазақстандықтар ішкі істер министрлігіне реформа керектігін айтып, Қалмұханбет Қасымов бастаған басшылықтың отставкаға кетуін талап еткен еді. 

Қазақстандық спортшы осы жылдың 19 шілдесінде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. 

Аталған факті бойынша үш адам ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Алғашқы екеуі ұрлық, қарақшылық және адам өлімі бойынша, ал әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін айыпталып отыр.


1595
Кілт сөздер:
отставка, қылмыс, Қалмұханбет Қасымов, Денис Тен, Қазақстан
Тақырып бойынша
Министр Қасымов отставкаға кете ме? ІІМ-нің жауабы
Халық министрдің отставкаға кетуін талап етуде: Қасымов неге сеніп отыр?
Денис Теннің өліміне кім кінәлі? Қасымовтың отставкаға кетуімен мәселе шешіле ме?
Психоаналитиктер Денис Теннің әндері кімге арналғанын айтты
Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалімнің ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Старт ЕНТ 2019

Грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

2
2020 жылғы грант иегерлерінің тізімі 15 тамыз күні сағат 18:00-де testcenterkz парақшасында жарияланады

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. 2020 жылғы грант иегерлерінің тізімі 15 тамызда жарияланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Грант иегерлерінің тізімі бүгін сағат 18:00-де testcenterkz парақшасында жарияланады", - деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов Instagram-да.  
Оның айтуынша, комиссия отырысы аяқталып, шешім қабылданған.

2
Алматыдағы Шәмші Қалдаяқов ескерткіші

"Ұлттың баға жетпес байлығы": Тоқаев желіде жазба жариялады

3312
(Жаңартылды 14:34 15.08.2020)
Он бесінші тамызда Қазақстанның халық әртісі, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына тоқсан жыл толды

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы - ұлттың баға жетпес байлығы, дейді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Бүгін еліміздің Әнұраны "Менің Қазақстаным" әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы", - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны

Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Ол бірден өнер жолына түскен жоқ. Әуелі Қапланбектегі ветеринарлық техникумды бітірсе, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде оқыған.

Шәмші Қалдаяқовтың көптеген әні Роза Бағланова, Ришад Абдуллин, Бибігүл Төлегенова, Рашид Мұсабаев, Зейнеп Қойшыбаева сынды әншілердің репертуарынан берік орын алды. Халық арасында "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. 

Артына музыкалық мол мұра қалдырған Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы 62-ге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды.

1991 жылы Шәмші Қалдаяқов жайлы "Жылдарым менің, жырларым менің" атты ғұмырнамалық деректі фильм түсірілді. Осы жылы композитор Қазақстанның халық әртісі атағын алды.

3312
Кілт сөздер:
Шәмші Қалдаяқов, Қасым-Жомарт Тоқаев