Алматы

Алматы тұрғындарын ұйқыдан жер сілкінісі оятты

718
(Жаңартылды 12:16 17.09.2018)
Алматылықтар Қырғызстандағы жер сілкінісін сезіп, таңертең ерте оянды

АСТАНА, 15 қыркүйек— Sputnik. Алматыда бүгін таңертең магнитудасы екі-үш балдық жер асты дүмпулері тіркелді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 146 километр қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасып, бес километр тереңдікте жатты. Жер асты дүмпулері Алматы уақытымен сағат 04.15 тіркелді.  

Эпицентрдегі сейсмикалық тербелістің магнитудасы 5.5-ті құрады.  

Ішкі істер департаменті Шұғыл басқару орталығының мәліметінше, патрульдік полиция жасақтары бақыланатын учаскелерде қираған және зақым келген ғимараттар анықталмағанын хабарлады. 

"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің ақпаратынша, гидротехникалық нысандарда деформация және сызаттардың пайда болғаны туралы мәлімет жоқ. 

718
Кілт сөздер:
зілзала, жер сілкінісі, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыдан 97 километр қашықтықта жер сілкінісі болды
Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар
Алматы облысында жер сілкінді
Жер сілкінісінен 40-қа жуық адам зардап шекті
Загрузка...