Қазақстан Қарулы күштерінің жаттығулары

Қазақстанның қарулы күштері дабыл бойынша батысқа бағыт алды

1983
(Жаңартылды 16:15 18.09.2018)
Оқу-жаттығуға жалпы 5 000 сарбаз қатысып жатыр

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері мен құрамалары дабыл бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті. Селекторлық режимде өткен жиналыс барысында "Шығыс", "Оңтүстік" және десанттық-штурм әскерилеріне Қазақстанның батыс бөлігіне қайта жасақталып бару тапсырмасы берілді, деп хабарлады Sputnik ҚР қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әскерилер аталған аймаққа әртүрлі жолмен барады — өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен. "Батыс" әскери қолбасшыларына келіп жеткен "Шығыс", "Оңтүстік" және десенттық-штурм әскерилерін қарсы алып, оларды оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін алаңға апару міндеті жүктелді. Майдан алаңында болатын және шабуылдаушы авиация аэродромға, ал әскери авиация алаңдардағы вертодромдарға қарай бағыт алады.

Әскери-теңіз күштері тобы ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери кеме және катерлерімен толықты. Сондай-ақ, әскери бөлімшелердің көмегімен шекара маңындағы жекелеген сақшылар жасағы көбейді.

"Батыс-2018" штабтық-командалық жаттығулардың стратегиясымен қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев айналысады. Осы оқу-жаттығу жұмыстарына жалпы жаяу және әуе әскерлері, әскери-теңіз, арнайы операциялар күштері мен жасақтар, материалдық-техникалық қолдау білдіретін бөлімшелер, ҰҚК шекара қызметі, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті және ұлттық гвардия әскерилері жұмылдырылды. Олардың жалпы саны — 5000 сарбаз. Сондай-ақ, олар штаттық қару-жарақ және әскери техникалармен жабдықталған.

1983
Кілт сөздер:
техника, әскерилер, қорғаныс министрі, сарбаздар, қару, Қорғаныс министрлігі, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанның қорғаныс министрі ауысты
Қорғаныс министрлігінің комиссиясы гарнизондарда тексерісті бастады
Бюджет қаражатын игермегендер арасында қорғаныс министрлігі көш бастап тұр
Қорғаныс министрлігі әскери шендерін "жуған" әйелдерді жазалады
Қорғаныс министрі Сағадиевке: әскерге шақырылатын жастардың көзі нашар көреді
Назарбаев қорғаныс министрінің екі орынбасарын қызметтен босатты
Ақмола облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды
Загрузка...