Қоғам

"Ассам" шайының құрамы қазақстандықтарды дүрліктірді

CC0 / / Шай
Шай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл шайды Қазақстан аумағында тарататын компанияның өкілі Sputnik тілшісіне алаңдауға негіз жоқ екен айтты

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек — Sputnik. Facebook әлеуметтік желісінде ер адам "Ассам" шайының құрамын тексеріп жатқаны түсірілген видео жарияланды. 

Ролик авторы пакеттегі ұсақ ақ түйіршіктерден қауіптеніп отырғанын айтқан. Ол бұл қауіпті химиялық зат болуы мүмкін деп болжаған. 

 

"Teahouse" компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Анар Баязинова  Sputnik-ке берген ресми түсініктемесінде алаңдауға еш себеп жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, видеода ер адам ашып көрген шай "Кешкі" деп аталады

"Бұл роликте біз шағын түйіршіктерді көріп отырмыз, олар бергамоттың (шырынды, ірі жемісті алмұрт түрі – агенттік) хош иісін шығару үшін пайдаланылады", — деп сендірді спикер.

Баязинованың сөзіне қарағанда, бұл – Қазақстанның тексеруші органдары мақұлдаған қымбат әрі сапалы хош иістендіргіш.

 

 


Жаңалықтар
0