Сәби, бала ұйықтап жатыр

Несиеге бола сәбиін сатқысы келетін әйел халықты ашуландырды - видео

248
(Жаңартылды 19:18 20.09.2018)
Әйел өзінің жүкті екенін туысқандары мен бірге тұрып жатқан ағасының білмейтінін айтты

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Отандық бағдарламалардың бірінде қазақстандық әйел несиесін жабу үшін сәбиін сататынын айтып жұртты шошытты. Сондай-ақ, әлі жарық дүние есігін ашып үлгермеген сәбиіне бауыр басып қалғанын да жасырмады.

Желіде сәбиін сатқысы келетін қазақстандық әйел туралы видео пайда болды. Аталған видеода әйел сәбиін несиесін жабу үшін сататынын айтады.

"Мен ішімдегі баланы еріккеннен біреуге сатайын деп жатқан жоқпын. Мен оған 14 аптаның ішінде бауыр басып қалдым. Бірақ басымда 500 мың несием бар. Оның проценті өсіп жатыр", — деді әйел Жетінші арнаның "Өз ойым" бағдарламасында.

Әрі қарай ол жүкті екенін өзінің ағасынан жасырып жүргенін жеткізді. Алдағы уақытта бұл әрекетін қалай жалғастыратынын білмейтінін де айтып өтті.

"Несие өзіме керек болды. Аздап төлеген едім, банктен қайта-қайта хабарласып жатыр. Өзім туысқан ағаммен бірге тұрамын. Ол аяғым ауыр екенін әзірге білмейді. Үйде ішімді орап алып жүремін", — деді әйел.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны естіп ашуланғандарын жарыса жазып жатыр. Арасында әйелді жақтап сөйлегендер де болды.

"Бәріміздің басымызда несие бар. Аяқ қолың мен он екі мүшең сау сияқты. Одан да ақ жолмен ақша табуға тырыс. Алақанымызды жайып Алладан сұрасақ, тынбай еңбек етсек, алдымыздағы қиыншылықтарды жеңіп өтеміз ғой" деп жазды желі қолданушыларының бірі.

248
Кілт сөздер:
сату, жүктілік, әйел, несие, сәби
Тақырып бойынша
Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды
Ер адам азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып, қашып кеткен
Елімізде несиені ең көп алатын өңір анықталды
Телефонға үңілген келіншек бассейнде батып жатқан сәбиін көрмей қалды
Темекі шеккен әйел екі айлық сәбиін өртеп жібере жаздады
Әкесі өлі туған сәбиін ескі зиратқа жасырын жерлеген
Шығыс Қазақстанда жас босанған әйел сәбиін әжетханаға лақтырған
Загрузка...