Кобальт-2018 оқу-жаттығулары

Қазақстанда 3 мыңға жуық әскеридің қатысуымен ҰҚШҰ оқу-жаттығуы өтеді

64
(Жаңартылды 15:38 24.09.2018)
"Әскери бауырластық-2018" оқу-жаттығуы 1 қазанда Қазақстан аумағында басталып, кейін басқа елдерде жалғасады

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. 1 қазан мен 2 қараша аралығында Орталық Азия өңірінің төрт мемлекеті — Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумағында "Әскери бауырластық-2018" бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоровтың қатысуымен "Әскери бауырластық-2018" оқу-жаттығуына қатысты брифинг өтті. Астана, Бішкек, Ереван және Минск телекөпір арқылы байланысқа шығып, ұйымға мүше мемлекеттердің әскерилері қатысатын оқу-жаттығу туралы толығырақ мағлұмат алды.

Бір айға созылатын оқу-жаттығу аясында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Қарулы күштері барлау бөлімшелерінің "Іздеу-2018" жаттығуы, Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің "Өзара іс-қимыл-2018", ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2018", Орталық Азия өңірі ұжымдық күштерінің "Меже-2018" жаттығулары біріктілмек.

Сидоровтың айтуынша, Қазақстан аумағында 1-5 қазан аралығында "Іздеу" оқу-жаттығулары өтеді.

"Алматыдан 250 шақырым қашықтықта "Іздеу" оқу-жаттығуы өткізіледі. Барлау бөлімшелері мен бөлімдерінен жеке құрамның 3 мыңға жуық адамы, сондай-ақ 500 данаға тарта әскери техника қатысады. Оқу-жаттығу Қазақстан аумағында басталып, кейін Қырғызстанда, одан әрі Тәжікстанда жалғасады. Жаттығу Ресей аумағындағы полигондарда аяқталады", — деді Сидоров брифингте.

Елбасы қорғаныс министрін неге ауыстырғанын түсіндірді

Ол "Әскери бауырластық-2018" оқу-жаттығуына ұйымға мүше мемлекеттер әскерилерінің барлығы да сақадай-сай екенін атап өтті.

"Қазақстан әскерилерінің дайындығы қандай дегенде, біреудікі төмен немесе жоғары деп баға беру дұрыс емес. Мәселен, мен НАТО-ға мүше мемлекеттердің қайсысының дайындығы Ресей әскерилерінің дайындығынан төмен екенін сенімді түрде айта аламын. Ал мұнда біз бауырлас, одақтас елдерміз, барлығымыз ҰҚШҰ-ға мүшеміз. Сондықтан барлық күштің, атап айтқанда Қазақстан әскерилерінің дайындығы айтарлықтай жоғары деңгейде екенін шын жүректен айта аламын", — деді ол.

64
Кілт сөздер:
полигон, мемлекет, әскери, оқу-жаттығулар, Алматы, Мәскеу, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей
Тақырып бойынша
Ақмола облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды
Әскери танк жеңіл көлікті таптап кетті – видео
Әскери адам жүріп бара жатқан пойыздың астынан баланы алып шықты - видео
"Әділбекті неге қорғай алмадық?" Депутат әскери ұшқыштардың азаю себебін түсіндірді
Әскери борышын бірге өтеп жүрген жігітті орындықпен ұрған сарбазға үкім шықты
Неміс спортшысы Астанаға велосипедпен келіп, ЭКСПО-да жаттығу жасады
ҚР Қорғаныс министрлігі: автожолға қонған тікұшақ оқу-жаттығу міндетін атқарған
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1214
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1214
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

139
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

139
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы