Қоғам

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

CC0 / cocoparisienne / Күз келді, жапырақтар сарғайды
Күз келді, жапырақтар сарғайды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 қыркүйек астрономиялық күз басталады

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Күзгі күн мен түннің теңесуі кезінде астрономиялық күз басталып және республиканың басым облыстарында кәдімгідей күзгі жауын-шашынды және салқын ауа райы күтіледі.

Мұндай ауа райы Қазақстанға Батыс Сібір аймағынан жылжитын циклон және суық атмосфералық фронттармен байланысты болады.

Тек республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың және жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

 

Жаңалықтар
0