оқушы

Қазақстанда оқушылар 13 адам өлтірді

786
(Жаңартылды 16:33 26.09.2018)
Қасымов қылмыс жасаған балаларды арнайы мектепте оқытуды ұсынды

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың артуына алаңдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу жұмысында бірқатар кемшілік бар.

"Жыл басынан бастап балалар 1 900 қылмыс жасаған. Оның ішінде 13 — кісі өлтіру, 278 — тонау, 46 — денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 102 — бұзақылық, 1 000-нан астам ұрлық тіркелді. Қылмыстың денін мектеп, гимназия және лицей оқушылары жасаған", — деді Қасымов үкімет отырысында.

Оқушылар жасайтын қылмысты азайту үшін мектептерде инспекторлар тәжірибесін дамыту қажет, деп санайды ІІМ басшысы.

"Қазір мектептерде 2 178 инспектор жұмыс істейді. Олар күн сайын мектеп әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен бірлесіп тиісті шаралар қабылдайды. Қосымша тағы 1 900-ден астам инспектор қажет. Оларды әрбір мектепке енгізбей, біз балалар арасындағы қылмысты, нашақорлықты жоя алмаймыз", — деді министр.

Сондай-ақ Қасымов кәмелетке толмаған қылмыскерлерді арнайы мектепке жіберуді ұсынды.

"Кәмелетке толмаған қылмыскерлерді арнайы мектепке жіберу дұрыс болар еді. Бүгінде елімізде 500-ден астам баланы арнайы мектепке жіберу қажет. Бірақ олар әлі де тұрғылықты жері бойынша қалып отыр. Бұл, әрине, оның айналасындағы адамдардың наразылығын туғызып, балалардың жазасыз қалуына жол береді. Әсіресе, құқық бұзушылық жасауға бейім балаларға теріс әсер етеді. Қазір жергілікті полицияның бақылауында 10 мыңнан астам осындай жасөспірім бар", — деді ол.

786
Кілт сөздер:
инспектор, министр, мектеп, қылмыс, балалар, Қалмұханбет Қасымов, Қазақстан
Тақырып бойынша
Ақмола облысында жүргізуші екі жасар ұлын басып өлтірді
Батыс Қазақстанда полицей өз бастығын атып өлтірді
Еттартқыштан өткізіп, өзенге тастаған: ер адам ашынасын аяусыз өлтірді
Сиыр өзіне шабуыл жасаған арыстанды арқанмен өлтірді
"Үйден шық!". Әкеден қалған дүние үшін ағасы мен жеңгесін балталап өлтірді
Ер адам 7 жасар қызға үйленіп, екі жылдан соң буындырып өлтірді
Пәк болмай шыққан қыздың ата-анасы өз-өзін өлтірді
Загрузка...