Нұрлан Нығматулин

Нығматулин: Қазақстанда орташа жалақы 17 есе өсті

1505
(Жаңартылды 20:50 29.09.2018)
Тәуелсіздік жылдарында 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны құрылған

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин азаматтарды жұмыспен қамту саласында шешілмеген мәселелерді атады, деп хабарлайды тілшісі.

Мәжілісте "Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары" атты парламенттік тыңдау басталды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасының арқасында Қазақстан 90-шы жылдардың басындағы қиын-қыстау кезеңнен аман-есен өткенін атап өтті.

"Өздеріңізге белгілі, егемендік алған алғашқы жылдар оңай болған жоқ. Шаруашылық бойынша барлық сала тоқтап, фабрикалар мен зауыттар жабылып, көптеген азамат жұмыссыз қалды. Зейнетақы, жалақы, басқа да әлеуметтік жәрдемақылар берілмеді. Бірақ та Елбасының саясатының арқасында біз аз уақытта осы қиын кезеңнен аман-есен өттік. Қазір елімізде еркін экономика құрылып, ол барлық салаға тың серпін берді. Осы уақыт ішінде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, орташа жалақы 17 есеге дейін өсті. Бұл біздің қол жеткен ең үлкен табыстарымыздың бірі деп санаймыз", — деп сөзін бастады спикер.

Нығматулин 2011-2016 жылдары елімізде жүзеге асқан Жұмыспен қамту жол картасы аясында 800 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылғанын айтты.

"Ал былтырдан бері елімізде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы басталды. Осы 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың кешенді жоспары республикамыздың барлық аймағын қамтиды деуге болады", — деді ол.

Осы орайда мәжіліс төрағасы еңбекпен қамту саласында бірқатар түйіні тарқамаған мәселеге тоқталды.

"Әрине, еңбекпен қамту саласында жеткен жетістіктеріміз көп. Бірақ та шешілмеген сұрақтар да аз емес. Бұл, біріншіден, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты. Мемлекет басшысы оларды есепке алу, көлеңкелі аймақтан шығару туралы тапсырма берді. Бұл бағытта үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, депутаттық корпус бірлесе жұмыс істеуі қажет. Бүгінде депутаттар халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау туралы заң жобасымен жұмысқа кірісті. Тағы бір айта кететін мәселе, бүгінде білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талабына сай болмай отыр. Себебі кадрларға деген сұранысқа терең талдау жасалмайды. Білім беру бағдарламалары қазіргі талаптарды толықтай орындамай отыр. Сол себепті студент жастарға оқуын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс табу қиын. Осы мәселені шешу үшін кадрларға деген қажеттілік мониторингінің тиімді жүйесін құру қажет деп есептейміз", — деді Нығматулин.

Тағы бір маңызды мәселе ретінде төртінші өнеркәсіптік революция нәтижесінде жұмыс орындарының босап қалуын атап өтті.

"Автоматтандыру және цифрландыру кезінде әлемде кейбір кәсіптер 30 процентке қысқарады деген болжам бар. Бұл жолда еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру маңызды болып табылады. Осы жолда мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер бірлесе отырып, жұмыс істеуіміз қажет", — деп түйіндеді спикер.

1505
Кілт сөздер:
еңбек, адам, жол картасы, мәжіліс, жұмыс, жалақы, Нұрлан Нығматулин
Тақырып бойынша
Жалақы екі есе өседі – мемлекеттік қызметшілердің еңбегі жаңаша бағаланбақ
Венесуэла президенті ең төменгі жалақы мөлшерін 60 есе өсірді
Қазақстанда орташа жалақы тағы да өсіп, 162 мың теңгеден асты
29 миллиард теңге қосымша жалақы: кімдер және қашан алады?
Қала әкімі мен мәслихат депутаттары қанша жалақы алады?
Маңғыстауда 72 жастағы кейуана 5 келініне жалақы төлеп отыр
Ақтөбе мешітінің жұмысшылары жалақы талап етуде
Қоғамдық көлік

Қазақстанда қоғамдық көліктің жұмыс уақытына өзгеріс енгізіледі

316
(Жаңартылды 18:58 03.07.2020)
Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 - 10:00 және кешкі 17:00 - 21:00 аралығында қатынайтын болады. Күндізгі уақытта үзіліс жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанда 5 шілдеден бастап енгізілетін жаңа карантин кезінде қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысында осылай жазылған.

Қоғамдық көлік таңғы және кешкі уақытта ғана қатынайтын болады.

"Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын шектеуді (06:00 - 10:00 және 17:00 - 21:00) қамтамасыз ету керек. Қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 50%-тен аспауы тиіс", - делінген хабарламада.

Өңірлер арасында жеке көлікпен жүруге тыйым салынған жоқ. 

Қаулы 2020 жылдың 5 шілдесі күні сағат 00 сағат 00 минутта күшіне енеді.

316
Кілт сөздер:
жұмыс, қоғамдық көлік, Қазақстан
Тақырып бойынша
5 шілдеден бастап Қазақстанда екі қала жабылады
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Вице-министр қазақстандықтар жедел жәрдемге қанша ақша төлейтінін айтты
Атаулы әлеуметтік көмек алатындар үшін жағымды жаңалық жарияланды
Сағынтаев Алматыдағы пневмония эпидемиясына қатысты мәлімдеме жасады
Нұрсұлтан Назарбаев

"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді

2106
(Жаңартылды 18:35 03.07.2020)
Әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетіні туралы ақпарат тараған болатын

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Назарбаевтың қанынан вакцина жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша осы материалға сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде шара қабылдау тапсырылды", - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ, министрлік азаматтарды әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қандай өзгеріс болатынын айтты

Айта кетcек, 2 шілдеде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желіде тараған "ұшақпен белгісіз зат шашады"деген ақпаратты жоққа шығарды. Ол министрлік тарапынан ешқандай себу жұмысы жүргізілмегенін жеткізді.

1 шілдеде ауаға вирус себеді деген жалған ақпарат таратқан Түркістан облысының тұрғыны анықталған болатын. Әйел хабарламаның мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.

2106
Кілт сөздер:
коронавирус, министрлік, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты 
"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Нурсултан Назарбаев

Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео

0
Фильм 6 шілде күні сағат 21.40-та эфирге шығады. Елбасының баспасөз қызметі фильмнің анонсын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. "Пусть следующие поколения сделают лучше меня..." деректі фильмінің анонсы жарияланды.

Журналист Айгүл Әділова мен Елбасы баспасөз қызметінің арнайы жобасы жарыққа шығады. Көрермендер фильмді 6 шілде күні сағат 21.40-та "Хабар" арнасынан тамашалай алады.

"Биліктің ауысуы - қауіпті сәт. Бұл кезде үнемі тәртіпсіздіктер болады. Барлық саяси күштер бас көтереді. Мен осыны ескердім", - деді Назарбаев.

0