Александр Винокуровтың архивтегі фотосы

Ұят! Олимпиада чемпионы Үлкен Алматы көлінде қоқыс тазалады

3535
(Жаңартылды 11:19 03.10.2018)
Танымал қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров отандастарын елімізді қоқыстан тазартуға шақырды

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Қазақстандық ең танымал спортшылардың бірі – велошабандоз Александр Винокуров Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, Алматы айналасындағы көрікті жерлердің бірі – Үлкен Алматы көлінің жағалауын қоқыс басып қалғанын көрсетті.  

"Ұят, достар, ұят… Сіздер үшін мына қоқысты жинауға тура келіп тұр", —деді Винокуров жолдың бойында жатқан қоқыстарды көрсетіп. 

 Ол өз елінің табиғатын аяламайтын халық шетелдік қонақтардың алдында масқара болатынын айтқан.

Олимпиада чемпионы біреудің қоқысын өз қолымен тазалауды ұйғарып, басқаларды осыдан үлгі алуға шақырды. Оның айтуынша, егер әрбір қазақстандық өзінің жүрген жерін таза ұстаса, ел таза болады. 

Александр Винокуров қазір Astana Pro Team велокомандасының бас менеджері болып еңбек етеді. 2006 жылы Испаниядағы Вуэльта жарысында бірінші болып келді, ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын медаль алды.  


3535
Кілт сөздер:
Үлкен Алматы көлі, велошабандоз, қоқыс, Александр Винокуров, Алматы
Тақырып бойынша
Павлодарлық монополист тарифті көтеру үшін үш күн қоқыс шығармаған
Астанада жерасты қоқыс контейнерлері орнатылады
Түркістан облысында әкім қоқыс тазалаушыларды жуындырып жүр
Таяуда Астана қоқыс жинаудың жаңа жүйесіне көшеді
БҚО-да екі бала қоқыс төгетін шұңқырға құлап, тұншығып өлді
Қоқыс тазалаушы жігіттің жанайқайы: дәрігерлер 6 айдан кейін өлесің деді
Загрузка...