Үздік педагог байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

Дариға Назарбаева үздік мұғалімдерге 2,4 млн теңгеден табыстады

679
(Жаңартылды 20:14 02.10.2018)
Астанада "Үздік педагог" республикалық байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева еліміздің үздік ұстаздарына "2018 жылдың үздік педагогі" төс белгісі мен 2 405 000 теңге мөлшерінде сыйақы табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқушылар, архивтегі фото
© Photo : управление образования Астаны

Бүгін Астанада "Үздік педагог" республикалық байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ұстаздар қауымын мерекемен құттықтауға сенатор Дариға Назарбаева да келді. 

"Бүгін барлығымыз үшін қуанышты күн. Білім саласындағы ұстаздарға, педагогтарға елдің алғысы әрқашан шексіз. Балаларымыздың тағдыры, яғни біздің Отанымыздың тағдыры сіздердің қолдарыңызда десек, артық айтқандық емес. Сіздер білім саласына көп еңбек сіңіріп жатырсыздар және әрдайым өз жұмыстарыңызды өте жақсы орындайсыздар", — деді Назарбаева салтанатты марапаттау рәсімінде. 

Сенатор, осы орайда, мектептерде үш тілде білім берудің маңыздылығына тоқталды. 

"Білім беру мемлекеттік бағдарламасын қорғаған кезде, көптің көкейінде үлкен сұрақ әрі алаңдаушылық тудырған – мектептерде пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу болатын. Осы бағдарламамен жұмыс істеген азаматтар мұның қаншалықты қиын болатынын түсінді. Бұл жұмыстың қалай жүргізілетініне біз де қатты алаңдадық, қазір де алаңдаймыз. Ара-тұра  министрмен кездесіп, жұмыстың қалай жүріп жатқанын сұрап тұрамын. Және оның өте жақсы жүріп жатқанын білемін. Біз енді ағылшын тілінен қорықпаймыз ғой, солай ма?! Үш тілдің болғаны өте маңызды. Сондықтан мен сіздерге шыдамдылық пен ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын", — деді Дариға Назарбаева. 

"Үздік педагог" республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.

Білім министрі Ерлан Сағадиев байқау жеңімпазын марапаттауда
© Sputnik / Жания Урункаева
Білім министрі Ерлан Сағадиев байқау жеңімпазын марапаттауда

Биыл аудандық және қалалық турларға 3 864, облыстық турларға 710 педагог қатысты, ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Байқау қорытындысы бойынша 48 орта мектеп мұғалімі және 16 колледж оқытушысы жеңімпаз атанды.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
© Sputnik / Жания Урункаева
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында 64 ұстазға "2018 жылдың үздік педагогі" төс белгісі, куәлік, сондай-ақ, 1000 АЕК (2 405 000 теңге) сомасында сыйақы табыс етілді.

Жаңа оқу жылында ұстаздарды жалақысы қаншаға өседі?

679
Кілт сөздер:
үздік педагог, ұстаздар, байқау, марапат, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
Депутат Сағынтаевқа өздерін қорғауды сұраған ұстаздардың жанайқайын жеткізді
Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер алуға миллион теңгеден көмек беріледі
"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты
Қағазбастылықпен күрес. Енді мұғалімдер 5 құжат қана толтырады
Еңбек өтілі көп мұғалімдер зейнетке ерте шыға ала ма?
Мұғалімдер тағы да міндетіне жатпайтын жұмыстарға "жегілмек"
Загрузка...