Портфель

Президент: мемлекеттік қызметкер тек жеті сағат жұмыс істеуі керек

743
(Жаңартылды 13:57 05.10.2018)
Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайтуды тапсырды, деп хабарлайдытілшісі. 

Назарбаевтың айтуынша, соңғы кездері мемлекеттік органдардың қабырғасында өтетін жиналыстар мен кеңестер көбейіп кеткен. 

"Үкімет пен барлық мемлекеттік органның жұмысында бюрократия мен формализмді азайту керек. Соңғы уақытта үкімет пен мемлекеттік органдарда ұзаққа созылған жиналыстар мен кеңестер, құжат айналымы бір есеге дейін өскен. Біз сіздермен келісіп едік қой, мен тиісті жарлыққа қол қойдым. Үкіметке тек сейсенбі күні барасыңдар, таңертең отырыс, түстен кейін кездесулер. Дүйсенбі мен қабылдаймын. Бейсенбі – парламент. Әйтпесе, байқаймын, министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер мен орынбасарлары үнемі осы жерден шықпайды", — дейді президент. 

Назарбаевтың халыққа жолдауы — онлайн-репортаж

Жолдауды жариялау барысында белгілі болғандай, шенеуніктердің 100 тәулігі жиналыстармен өтеді екен. 

"100 тәулік бойы жиналыстарда отырасыңдар. Сендер адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік бермей жатырсыңдар ғой. Менің мемлекеттік қызметте тәжірибем мол. Алдын ала дайындалған отырыс жарты сағат қана өтеді. Күрделі мәселелер болса, ары кетсе бір сағатқа созылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметкер заң бойынша жеті сағат қана істеуі керек. Түнгі он екіге дейін жұмыста отырмауы керек", — деді Елбасы. 

Назарбаев, осы орайда, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жұмысын сынады. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы — видео

"Кейде үкімет әкімдер мен олардың орынбасарларын жинап алып, бір күнде жеті жиын өткізетін күндер болады. Бақытжан, сонда сен өзің қай уақытта жұмыс істейсің? Сондықтан да біздің елде ештеңе бақыланбайды. Сендер тек отырыста отырасыңдар. Мен бекіткен тәртіпті сақтаңдар! Адамдарға жұмыс істеуге, өз ісімен айналысуға мүмкіндік беріңдер", — деп тапсырма берді мемлекет басшысы.


743
Кілт сөздер:
Жолдау 2018, мемлекеттік қызметкерлер, Назарбаев
Тақырып:
Президент жолдауы-2018 (21)
Тақырып бойынша
Елбасы ұстаздардың мәртебесі туралы заң қабылдауды тапсырды
"Тағы айтамын!". Назарбаев мемлекеттің ешкімге тегін үй бермейтінін ескертті
Мемлекет басшысы медициналық қызметкерлердің жалақысын өсіруді тапсырды
"Шөп шықпаса да бәрібір". Назарбаев сапасыз мамандардың көбейіп кеткеніне ашуланды
Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауының толық видеосы
Загрузка...