Томирис фильмінің актері Дәурен Ахметов

"Томирис" фильмінің актері халықтан көмек сұрады

272
(Жаңартылды 12:52 10.10.2018)
Сақ жауынгерінің рөлін сомдаған жарымжан актер қымбат протез сатып алуға көмектесуді сұрайды

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Он жыл бұрын көлік астына түсіп аяғынан айырылған актер Дәурен Ахметов қазақстандықтардан заманауи протез сатып алуға көмектесуді сұрайды.

"Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Дәурен айтқандай, ампутациядан кейін Алматыға жұмыс іздеп келген. Мұнда волейбол ойнап, жастар арасында Азияның паралимпиада ойындарына қатысады. Киноға да түседі.

Кезінде бухгалтердің оқуын оқып, диплом алса да, мамандығы бойынша жұмыс таба алмапты. Табыс тауып, науқас анасы мен інісіне қамқорлық жасау үшін Дәурен массаж жасаушы курсын оқып, жұмыс істей бастайды.

Әзірге өз кабинетін жалдап тұруға қаржылық мүмкіндігі жоқ Дәурен клиенттердің үйіне барып, массаж жасайды екен. Алайда ескі протезбен жұмыс істеу күннен-күнге қиындап барады.

"Аяғымды қажап, терісін сыпырып кетеді. Сосын қанай бастайды. Келесі күні қайта кигенде, жаныңа батады", — дейді жігіт.

Жаңа протез миллион теңгеден астам тұрады. Ол отбасын асырап, жұмыс істеуі үшін ауадай қажет.

272
Кілт сөздер:
материалдық көмек, актер, видео, "Томирис" фильмі, Алматы
Тақырып бойынша
Абай ауылында зорланған баланың отбасы халықтың көмегіне зәру
Загрузка...