Әже

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды

20136
(Жаңартылды 13:28 12.10.2018)
Бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес Қазақстан әйелдерінің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғайып, 63-ке жетеді

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы тағы да ұлғаяды – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болмақ.

Қазір қазақстандық ер-азаматтар зейнетке 63 жасында шығады. Ал әйелдердің жасы бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес біртіндеп ұлғайып отырады. 

Сонымен, 2018 жылы 1 қаңтарда зейнет жасын арттырудың бірінші кезеңі болды – 58,5 жас. Келесі кезеңі 2019 жылдың 1 қаңтарында болады – 59 жас.

Осылайша, 2027 жылы қазақстандық әйелдер зейнетке 63 жасында шығатын болады:

 

  • 2020 жылдың 1 қаңтарынан — 59,5 жасында;
  • 2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;
  • 2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;
  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;
  • 2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында.

 

Негізінде заңнама бойынша кей қазақстандықтар зейнетке сәл ертерек шыға алады. Бұл норма Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен елді мекендерде кем дегенде бес жыл (1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін) өмір сүрген адамдарға қатысты. Яғни, осы өңірде тұрған ер-азаматтардың зейнет жасы – 50, ал әйелдердікі – 45 жас.

Сонымен бірге, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдер 53 жастан зейнетке шыға алады.

Қазақстандық әйелдер 50 жасқа дейін зейнетақы қорында белгілі бір соманы жинап үлгерсе, зейнетке ерте шығуына мүмкіндік бар. 2018 жылы бұл сома 13,5 миллион теңге.

20136
Кілт сөздер:
2019 жыл, 1 қаңтар, зейнетақы қоры, зейнет жасы, әйелдер, Қазақстан
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
Тақырып бойынша
Вице-министр ер азаматтар 55 жасында зейнетке шыға алатынын айтты
Президент Көшербаевқа зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеуге рұқсат берді
Еңбек өтілі көп мұғалімдер зейнетке ерте шыға ала ма?
Әйелдердің көбі уақытылы зейнетке шыға алмайтын болды
Әйелдердің зейнетке шығу жасы мен зейнетақы төлеу тәртібі өзгереді
Назарбаев Жақсыбековті зейнетке жіберді
 Архивтегі фото

Алматы Ұланбатыр арасында әуе рейсі ашылды

53
Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы – Ұланбатыр бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және "Хунну эйр" әуе компаниясының басшылығымен бірге Алматы – Ұланбатыр әуе қатынасын ашу туралы конференцияға қатысты.

"Елші Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтады. 2019 жылдың 10 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен екі елдің премьер-министрі арасындағы келіссөздер барысында көтерілген әуе қатынасын ашу жөніндегі келісімнің орындалғанын айтты", - делінген ақпаратта.

Бұл әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік саладағы байланыстың қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Айта кетейік, 28 қыркүйекте "Хунну эйр" әуе компаниясының ұшағы "Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр" бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады.

Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады.     

53
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын ашқан жоқ – ҰҚК
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Министр Мырзағалиев "Алтынемелде" түсірілген видеоны жариялады

2615
(Жаңартылды 18:53 28.09.2020)
Орта Азияда сирек кездесетін қар барысы көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді, дейді экология министрі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында "Алтынемел" ұлттық паркінде алғаш рет қар барысы видеоға түсірілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Министр Twitter парақшасында қар барысының фото және видеосын жариялады.

"Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді", - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. Жануар жоғалып кетудің алдында тұр.  

"Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шара қабылдап, жүзеге асырады", - деп жазды Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатылған.

2615
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды – жантүршігерлік видео
Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео
Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді
Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды
Ребенок у окна, архивное фото

Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

0
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баланы сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

2020 жылдың наурызында Ақтөбе облысындағы "Шағала" шипажайының 58 жастағы тәрбиешісі баланы сүлгімен ұрып-соққаны жария болған еді. Сол жердегі баланың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, ал оны ата-анасы әлеуметтік желіде жариялады. Бұл шипажайда туберкулезбен ауыратын балалар оңалтудан өтеді.

Видеода балалардың еденде отырғанын, ал ақ халат киген әйелдің бір баланы сүлгімен ұрғанын көруге болады. Бала жыласа да, әйел оны бірнеше рет ұрған. Басқа балалар да "бізді аяқ киіммен де ұрады" дейді.  

Видео жарияланғаннан кейін шипажайға полиция мен прокуратура қызметкерлері барған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті 

Тергеу барысында тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, бала тәрбиешіге тіл тигізген. Содан ашуланып, сүлгімен сабай бастаған.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал шипажайдың хабарлауынша, баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылған.

0
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тәрбиеші
Тақырып бойынша
Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Студент тәрбиешінің балаларды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео