Әскери қызметкерлердің архивтегі фотосы

Ақтауда әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады

164
(Жаңартылды 14:37 11.10.2018)
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды Алдын ала деректер бойынша марқұмның өз-өзіне қол жұмсауына әскери қызметі себеп болмаған

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиға болған жерде ҚР Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасы, әскери прокуратура және әскери полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Өз-өзіне қол салудың мән-жайы анықталуда. 

"Алдын ала деректер бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Қосымша ақпарат тергеп-тексеру шаралары аяқталған соң белгілі болады", — деп жазылған хабарламада. 


164
Кілт сөздер:
әскери қызметкер, суицид, Қорғаныс министрлігі, Ақтау
Тақырып бойынша
Ақтауда менингитке шалдықты деген сарбаз әл үстінде жатыр
Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды - видео
Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды
Алматы облысында өлі күйінде табылған сарбаз тілші болып істеген
Президент сөйлеп жатқанда артта тұрған сарбаз құлап түсті — видео
Әскерден қашқан сарбаз 10 күннен соң табылды
Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген сарбаз әскерден қашып кетті
Загрузка...