Балгер

Адамдар бақсы-балгерлерге неге сенеді?

1085
(Жаңартылды 19:37 12.10.2018)
Мамандардың пікірінше, тылсым құбылыстарға сену адам денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Адам алдында не күтіп тұрғаны жайында білуге құмар. Көпшілігіміз өткен өмірімізде жасаған қателіктерімізді ұмыта алмай, кезіккен қиындықтардың бәрін сонымен байланыстырамыз. Түйткілді мәселені шешу үшін адамдар бақсы-балгерлердің көмегіне жүгінуге әуес келеді. Бұған не итермелейді? Неге психологтардың жәрдеміне сенім аз? Осы сұрақтарға Sputnik Қазақстан тілшісі жауап іздеп көрді.

Ықтималдық теориясы қалай іске асады

Әлеуметтік желілерде танымал бақсы Лидия адамға бір қарағаннан, болашағын болжап беремін дейді. Адамның сыртқы келбетіне қарап, келешегін көруге әжелері баулыпты. Бұл қасиетінің арқасында экстрасенс қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын береді.

"Ер-азаматтар да, әйелдер де көмек сұрап келеді. Әркімнің басына түскен іс бөлек: бірі жұмысқа тұра алмай, екіншісінің махаббатта жолы болмай жүреді. Мен әуелі адамның тағдырын зерттеп, мәселенің қайдан шыққанын анықтауға тырысамын, кейін әдет-ғұрыптар, арнайы рәсімдер, дуа арқылы проблеманы шешуге тырысамыз", — деп әңгімелейді медиум Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Лидияның тәжірибесінде қызықты бір жайт болған: 42 жастағы әйел тұрмыс құра алмай жүреді. Себебі әйел адамның тұқымына жарты ғасырдан астам уақыт бойы некесіздік қарғысы әсер етіп келген екен.

"Қарғысты алып тастадым, бұған үш ай уақыт кетті. Клиентім сүйген адамын кезіктіріп, отбасын құрды", — дейді әйел.

Айта кетсек, экстрасенс қызметінің бағасы 15 мың теңгеден басталады, қызмет көрсету құны мәселенің күрделілігіне байланысты болады.

Көріпкелдікті әшкерелеу

Танымал америкалық иллюзионист Джеймс Рэнди алаяқ экстрасенстерге қарсы жан аямай күресіп жүргендердің бірі. Оның айтуынша, табиғатта мұндай тылсым құбылыстар болмайды. Рэнди көріпкелдердің адамдарды психологиялық трюкпен алдайтынына сенімді.

Фокусник бақсы-балгерлерді әшкерелеуге әбден беріліп, 1996 жылы арнайы қор ашты. Ұйым көріпкелдік қабілетін дәлелдей алған адамға 1 миллион 112 мың доллар беруге уәде етеді. Алайда 22 жыл ішінде бұл қаражат иесін әлі тапқан жоқ. Үміткерлердің ешқайсысы ұйымның сынақтарынан өте алмапты.

"Сұрқиялық пен өтірік" атты кітабында Джеймс Рэнди адамдардың көріпкелдерге неге шын жүректен сенетінін түсіндіреді. Оның пікірінше, адамдар жоқ жерден байланыс іздеп, себеп-салдарын қазбалауға бейім келеді. Көріпкелдерге плацебо эффектісі жақсы көмектеседі, дейді Рэнди. Яғни, бақсы түйткілді мәселені қозғап жіберсе, клиент бәрін өзі жайып салып, өзі де біраз жеңілдеп қалады.

Орны толмас салдарлар

Альцгеймер науқасы мен невроздарды емдеу клиникасының басшысы, психотерапевт Жібек Жолдасованың айтуынша, адамдар ақыл-есі кем ретінде тіркеуге алады деп қорқып, мамандарға қаралмауға тырысады. 

"Бәлкім, әдетке айналғандықтан ба, әлде сауатсыздықтан ба, халық маманнан гөрі бақсы-балгерге жүгінгенді жөн көреді", — дейді психотерапевт.

Алайда адам санасымен ойнайтын сиқыршы-көріпкелдердің әрекеті орны толмас салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Жолдасованың сөзіне сүйенсек, науқастарының 80%-ы бақсы-балгерге қаралғандар.

"Бес жыл бойы үрей мен қорқыныштан арыла алмай жүрген науқасым бар. Ол осы уақыт ішінде өзі білетін емшілердің бәріне қаралып, қыруар ақша жұмсады. Алайда үрейінен құтылған жоқ, керісінше, бәрі ушығып, қорқынышты ойлар бойын билей бастады. Үрейі арта түсті. Бұрын адам көп жүретін жерлерден қорқатын болса, қазір тіпті үйден шыға алмайтын дәрежеге жетті", — дейді Жібек Жолдасова.

Маманның айтуынша, көріпкелдер этнотерапияны жиі пайдаланады (халықтық тәжірибе мен әдет-ғұрыптарға негізделген психотерапия — Sputnik).

Жолдасованың пікірінше, кейде оң нәтижеге қол жеткізу үшін мамандардың өзі адамның наным-сеніміне жүгініп, дұға-тілектерді пайдалануға тура келеді.

1085
Кілт сөздер:
экстрасенс, психология, тылсым күш, бақсы
Тақырып бойынша
Қызылордалық әйел дуадан құтылу үшін 9 миллион теңгеcін шығындаған
Әйел адам "пайдаға кенелесің" деп бал ашқан бақсыны тонап кетті
Жүкті әйелді дуалаумен айналысты деп айыптап, үш сағат бойы тергеген
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

77
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

77
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

31
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

31
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті