Малика Мұхитова сот залында

Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді

5244
(Жаңартылды 09:16 15.10.2018)
Малика Мұхитованың қорғаушысы көліктің жол апаты болған кездегі жылдамдығын анықтауды талап етуде

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik.  Астанада Олжас Сүлейменовтің немересі, 27 жастағы Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апатына қатысты алғашқы сот отырысы өтті.  

Ескендір Сүлейменов пен Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының қызы Малика Мұхитова 22 маусым күні Астанадағы көше қиылыстарының бірінде жол апатына ұшыраған болатын.  

Астана қаласы Есіл ауданының екінші қалалық сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы отырыс басталғаннан кейін 29 жастағы Малика Мұхитоваға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы үшінші бөлігі (жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша айып тағылып отырғанын мәлімдеді.   

Содан кейін қос тарап тыңдалды. Мұхитованың адвокаты Дмитрий Куряченко үш пункт бойынша: сот талқылауын кейінге қалдыруға, іс бойынша қосымша куәгерлерді шақыруға және Мұхитованың автокөлігінің жылдамдығын анықтау үшін қосымша сараптама жүргізуге өтініш берді.

Адвокаттың айтуынша, жүргізілген екі тексеріс мотоцикл жүргізушісі Ескендір Сүлейменовтің қозғалыс жылдамдығын ғана анықтаған. 

 

"Сарапшылар автокөліктің жылдамдығын анықтамады, қыз жолды кесіп өткен уақыт анықталды, алайда оған жылдамдық режиміне қатысты айып тағылып отыр. Бұл оның заң бұзушылықтарының бірі саналады. Оқиғаның қисынына сүйене отырып, адамды жылдамдықты асырды деп айыптаудан бұрын, сол жылдамдықты анықтау керек екенін жақсы түсінемін. Ескендір Сүлейменовтің жылдамдығы сағатына 88 шақырымды құраған. Сарапшы осындай тұжырымға келді" — деді қорғаушы журналистерге.

Сонымен қатар, Дмитрий Куряченко айыпталушы тараптың зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Мұхитованың адвокаты Дмитрий Куряченко
© Sputnik / Владислав Воднев
Мұхитованың адвокаты Дмитрий Куряченко
 Зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Сандинов Сүлейменовтар отбасы бейбіт келісімге келіп, шығынды өндіруге дайын ба, жоқ па деген сұраққа жауап бермеді. Сүлейменовтың қорғаушысы Ескендірдің туыстары басқа қалада тұратындықтан келесі кездесуді кейінге қалдыруға өтініш берді.

"Сот зардап шегушінің өкілі Сандинов Дамир Нұрахметұлының өтінішін қанағаттандырып, қылмыстық істі қарауды 17 қазан сағат 15.00-ге кейінге қалдырады", — деді судья Қанат Тобағалиұлы.

Айыпталушы Малика Мұхитова "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясында жұмыс істейтіні белгілі болды, тұрмыс құрмаған, бұрын сотталмаған. 

27 жастағы автокөлікпен соқтығысқан кезде мотоциклмен келе жатқан. Оқиғадан кейін Астана қаласының ІІД бастығының орынбасары Санжар Әділов мотоцикл жүргізушісі жылдамдық режимін бұзбағанын хабарлады. Ескендір Сүлейменов Алматыда 25 маусым күні жерленді. 


5244
Кілт сөздер:
қаза, трагедия, сот, жол апаты, Ескендір Сүлейменов, Олжас Сүлейменов
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
Желіде Ескендір Сүлейменов ажал құшқан жол апатының видеосы жарияланды
Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апаты: танымал тілші жазалануы мүмкін
Алматыда Олжас Сүлейменовтің немересін ақтық сапарға шығарып салды
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
Бүлдіршін, тудың суреті

Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді

2444
(Жаңартылды 09:59 01.10.2020)
Күздің екінші айында халықаралық әуе рейстері қысқарып, карантин шаралары күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, ескі банкноталарды айырбастау мерзімі аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанда бірінші қазаннан бастап бірқатар өзгеріс күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық әуе рейстері қысқарады

Ел билігі қазан айынан бастап коронавирустың екінші толқынына жол бермес үшін карантинді күшейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 5 қазаннан басқа елдермен халықаралық әуе рейстері уақытша тоқтатылып, Түркияға рейстер қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі, сонымен қатар, әуе қатынасы жанданған елдермен рейстерді ұлғайтпауды ұсынды.  

Бұған қоса, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітіледі:

  • дене қызуын өлшеу;
  • сауалнама;
  • коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама (берілгеніне 3 тәуліктен аспауы керек).

Анықтама болмаған жағдайда, азаматтар коронавирусқа тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады.

Сондай-ақ, мемлекеттік шекараны кесіп өту бекеттерінде карантиндік стационарлар мен тестілеу ұйымдастырылады.

Темекі сату қиындай түседі

Күздің екінші айынан бастап темекі өнімдерін сатудың жаңа талаптары күшіне енеді. Енді олар міндетті түрде таңбалануы тиіс.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, темекі өнімінің кез келген айналымында шығарылған мерзімнен бастап 2D-сканер қолданылады. Сканер қажетті мәліметтерді оқуға және оларды фискалды деректер операторларына беруге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

Міндетті таңбалау нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, халықты контрафактілік өнімдерден қорғайды.

Ескі банкноталарды айырбастау тоқтайды

3 қазаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноталарды айырбастау кезеңі аяқталады.

Оған дейін ескі банкноталарды ұлттық банктің барлық аумақтық филиалында айырбастауға болады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2006 жылғы үлгідегі банкноталарды кезең-кезеңмен айырбастау 2016 жылдың қарашасында басталған.

Жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

Қазан айынан бастап кейбір жолаушылар пойызы жиі қатынай бастайды.

Жүру жиілігі артқан пойыздар:

  • №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;
  • №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;
  • №31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;
  •  №603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.

ШОБ-қа арналған жеңілдік  

Президенттің тапсырмасына сәйкес, пандемиядан зардап шеккен бизнесті қолдау бағдарламасы 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін еңбекақы төлеу қорынан бюджеттік емес қорларға аударымдардан босатылады.

Мәжіліс сайлауы  

Қазан айында парламент сайлауының датасы жариялануы мүмкін.

Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Заң бойынша Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің қазіргі шақырылымының өкілеттігі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

Оңтүстік өңірлерге жылу беріледі

1 қазаннан бастап Ақтөбе мен Атырау облысында жылу беру маусымы басталады.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде 15 қазаннан бастап жылу беру жоспарланып отыр.

Қазір жылу беру маусымы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында басталды.

2444
Кілт сөздер:
өзгерістер, 1 қазан
Сынама, коронавирус

Өткен тәулікте қай өңірде коронавирус жұқтырғандар көп анықталды

76
(Жаңартылды 09:10 01.10.2020)
Дертке шалдыққандар Шығыс Қазақстанда көп анықталды. Алайда соңғы күндермен салыстырғанда аз екені айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 71 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Дертке шалдыққандар Шығыс Қазақстанда көп анықталды. Алайда соңғы күндермен салыстырғанда аз екені айтылды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 4
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 3
  • Атырау облысы - 7
  • Шығыс Қазақстан облысы - 16
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Қарағанды облысы - 6
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 7
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 6
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107 979.

76
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді
Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
Қыркүйектің басынан бері 104 оқушы коронавирус жұқтырды – Цой

Қолжетімді баспана: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің онлайн-брифингі

0
(Жаңартылды 11:16 01.10.2020)
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстанда үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамту жолдарына арналған брифинг өтіп жатыр. Сауалдарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері жауап береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында баспана кезегі проблемасын жедел шешуді тапсырған болатын.

0
Кілт сөздер:
баспана, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі