Қоғам

Қазақстанда тағы бір танымал сүрбойдақ отау құрды - видео

CC0 / pixabay.com/Elkimmelito / Үйлену
Үйлену - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Диана есімді қыз Павел Кулагиннің жары атанды

АЛМАТЫ, 15 қазан — Sputnik. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі Павел Кулагиннің үйлену тойының видеосы YouTube желісінде жарияланды. Некелесу салтанаты 12 қазанда Астанадағы Ritz Carlton қонақ үйінде өткен. Диана есімді қыз әкімнің жары атанды. Жас қалыңдықтың жасы 26-да.

Видеода айтылғандай, жас жұбайлар Нұрсұлтан Назарбаевтан құттықтау жеделхатын алған екен. Мемлекет басшысының құттықтау сөзі той үстінде оқылды.

Жас отау иелерін некелесу күнімен Павелдің әкесі – Қостанай және Ақмола облыстарының бұрынғы әкімі Сергей Кулагин құттықтады.

Павел Кулагиннің жасы 32-де. Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысының экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің жетекші маманы ретінде бастады. 2010-2016 жылдары Астанада "Есіл" ауданы әкімінің орынбасары, "Сарыарқа" ауданы әкімі, "Алматы" ауданы әкімі лауазымдарын иеленді, сонымен бірге Астананың коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып еңбек еткен.

Павел Кулагин 2017 жылдың тамыз айынан бері Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі қызметін атқарып жүр.

Жаңалықтар
0