Қоғам

Қазақстанда телеарна мен радио хабар таратуды тоқтатты

CC0 / / Теледидардың пульті
Теледидардың пульті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана уақыты бойынша сағат 17.00-ге қарай хабар таратуды қайта қалпына келтіру жоспарлануда

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Қазақстандық теле-радиоарналар жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты хабар таратуды тоқтатты, деп хабарлады теле-радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор – "Қазтелерадио" АҚ.

Ақпаратқа сәйкес, радио және телеарналардың жұмысы бүгін 03.00-ден 17.00-ге дейін тоқтатылады.

"Қазтелерадио "АҚ спутниктік және эфирлік телевизиялық және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты телевизиялық және радио сигнал жойылады", — делінген хабарламада.

Осыған байланысты "Қазтелерадио" уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 

 

Жаңалықтар
0