Портфель

"Сол қол оң қолдың не істеп жатқанын білмейді" Нығматулин министрлерді сынады

251
(Жаңартылды 19:37 17.10.2018)
Мәжілістің жалпы отырысында қарыз ақшаны игере алмай отырған министрліктер спикерден сөз естіді

АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин республикалық бюджетті тиімсіз жоспарлап отырған министрліктердің жұмысын сынға алды, хабарлайды тілшісі. 

Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин қарыз ақша бойынша ең үлкен портфель Инвестициялар және даму министрлігінде екенін атап өтті. 

"Әсіресе автожолдарға. Қарызды алып-алып, міндеттемелерді мемлекетке жүктеп қойыңыздар. Ал бюджетте қарастырылған мемлекеттің қаржысын қысқартып отырсыздар. Тимур Мұратұлы (ұлттық экономика министрі – автор ескерт.) бюджетті бей-берекет жоспарлау деген осы. Сол қолымыз оң қолдың не істеп жатқанын білмейді. Бір министрлік қарыз алуға қол қояды, содан кейін мемлекеттің ақшасын қысқартып, құрылыстан бас тартады. Енді келіп, қарыз ақшаны игере алмай жатырмыз, өйткені біреулер процедураны созып жіберді деп сылтауратамыз", — деп сынады спикер 2018-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында. 

Нығматулин автожолдарды республикалық бюджетте қарастырылған ақшаға жөндеуді ұсынды. 

"Егер қарыз ақшадан бас тартсақ, онда мемлекет бюджетіндегі өз ақшамызға жөндеу жасайық. Адамдар бұл жолдарды күтіп жүр ғой. Мемлекет басшысы сессияның ашылуында да, жолдауда да  тапсырма берді. Роман Васильевич (бірінші вице-министр), бұл мәселені егжей-тегжей талқылау керек. Министр іссапардан келген соң, отырып, талқылаңыздар. Қарызды үйіп алып, енді бас тартамыз: жартысын аламыз, жартысын алмаймыз. Жолдың бір бөлігін қарыз ақшаға, қалғанын мемлекеттің қаражатына саламыз. Сосын келіп министрлікте бар қаржыны қысқартамыз. Бұлай болмайды. Нәтиже болуы керек", — деп тапсырды мәжіліс спикері.

251
Кілт сөздер:
мемлекеттік қарыз, министрлік, бюджет, Нұрлан Нығматулин
Тақырып бойынша
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынады
"Миттал мырза жауап берсін". Назарбаев теміртаулық компанияның жұмысын сынады
Нығматулин: әскери бөлімдер мен мектептерде ешқашан демпингке жол беруге болмайды
Нығматулин Абаевтың орынбасарынан нақты жауап ала алмай, әбден "қинады"
Загрузка...