Төреғали

Әуежайда шу шығарған Төреғали Төреәлі жазаланды

3677
(Жаңартылды 10:21 19.10.2018)
Қазақстандық әншіге тәртіп бұзғаны үшін айыппұл салынды

АЛМАТЫ, 17 қазан — Sputnik. Ұшаққа билетсіз кірген қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәліге екі рет тәртіп бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

"16 қазанда Алматы әуежайындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Алиханов Төреғалиге (Төреғалидің шын фамилиясы— Sputnik) қатысты ҚР әкімшілік кодексінің екі бабы бойынша әкімшілік істер қозғады: 513-бап, 1-бөлім "ҚР мемлекеттік шекарасынан өту бекеттерінде тәртіп бұзу" және 564-бап, 4-бөлім "Әуежай аумағында тиісті рұқсатсыз жүру", — делінген хабарламада.

Аталған тәртіп бұзушылықтар үшін әнші ақшалай айыппұл төлеуге міндеттелген. 

"Құқық бұзушыға 5 АЕК (12 мың 025 теңге) әкімшілік айыппұл салынған. Жеті күн ішінде айыппұлды төлемесе, бұдан қатал жаза қолданылады", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицейлер мәліметінше, Төреғали Төреәлінің әрекетінде қылмыстық тәртіп бұзушылық белгілері болмаған.

Оқиға 14 қыркүйекте болды. Танымал әнші Төреғали Төреәлі "Алматы — Гонконг" рейсін орындаушы Air Astana ұшағының салонына билетсіз кіріп, әйелі мен баласын шығарып салған. Сол кезде бортта рейске тіркелмеген адамның бары белгілі болып, мән-жайды анықтау үшін рейс кешіктірілді. Жолаушылар ұшақтың аттануын 20 минут бойы күткен.

3677
Кілт сөздер:
айыппұл, сот шешімі, ұшақтағы жанжал, Төреғали Төреәлі
Тақырып бойынша
Төреғали Төреәлі ұшақта шу шығарды: комитет тексеріс жүргізеді
Төреғали Төреәлі туралы қызықты деректер
Төреғали туған күніне қандай тосынсый әзірлеп қойғанын айтты
Әнші Төреғали комедиялық фильмде басты рөлді сомдады — видео
"Әміре Төреғали сияқты болмайды". Продюсер не деп уәде берді?
Төреғали Төрәлінің әні астаналық әйелдердің толғағын жеңілдетеді
Загрузка...