Қоғам

"Ақшаны қайдан алды?" Шпекбаев тойды бәсекеге айналдырғандарға ашуланды

© Photo : SvetikSysТорт
Торт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алик Шпекбаев аста-төк тойдан бас тартып, мерекені даңғойлық жәрмеңкесіне айналдырмауға шақырды

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Алик Шпекбаев Facebook-те мемлекеттік қызметкер қандай болуы тиіс екенін жазды.  

Ол аста-төк тойдан бас тартып, мерекені даңғойлық жәрмеңкесіне айналдырмауға шақырды. 

"Құрметті мемлекеттік қызметшілер, өзгеру – уақыт талабы. Қарапайым әрі кішіпейіл болуға тиіспіз!", — деп жазды Шпекбаев.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев үйлену тойлары мен мерейтойды қойып, ас берудің өзі "бәсекеге" айналғанына ашуланды.

Асхана. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаева: мектеп асханасында той жасайтындар ақы төлеуі тиіс

"Үйлену тойларынан түсірілген бейнебаяндар әлеуметтік желілерде жиі жарияланып жатады. Зал толы гүл. Той сахнасында шоу-бизнес жұлдыздары. 500-600 адамдай қонақ. Кейін анықталатындай, бір өңірдегі басқарманың басшысы қызының немесе ұлының үйлену-ұзату тойларын тойлап жатады. Және бұл бүтіндей бір үрдіске айналды", — деп атап өтті шенеунік.

Шпекбаев осындай жағдайдан кейін жұртшылықты "Ақшаны қайдан алды?" деген орынды сұрақ мазалайтынын айта кеткен.  

Десе де 2015 жылдан бері әдеп бұзушылық 40%-дан аса азайған екен. 

 

 


Жаңалықтар
0