Әңгімелесу

Ислам дінінде ақ шаштың түсуі ненің белгісі?

3756
Исламда шаш-сақалға ақтың түсуін ақыл тоқтатқандықтың белгісі деп түсіндіреді. Бұл қымсынатын нәрсе емес

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Ханафи мәзхабында әдемі көріну үшін бір-екі тал ақ шашты жұлудың ағаттығы жоқ. Көп мөлшердегі ақ шашты жұлу – мәкруһ. 

Алайда, ihsan.kz сайтының мәліметінше, дін ғұламаларының басым көпшілігі аз да болса, көп те болса ақ шашты жұлуды мәкруһ (жағымсыз әрекет) санайды. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм былай деген:

"Ақ шашты жұлмаңдар. Шынында ол – мұсылманның нұры. Кімнің Ислам жолында бір тал шашы ағарған болса, Алла тағала сол бір тал шашы үшін оған сауап жазып, сол бір тал шашы себепті оның қателіктерін кешіреді. Және соның арқасында дәрежесін көтеріп қояды".   

Сақалына ақ түскен ең алғашқы кісі — Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) екен. Сақалындағы ақты көрген пайғамбар Раббысына:

— Бұл не, Раббым?— деп сұрайды.

— Бұл – салмақтылықтың белгісі, Ибраһим, — деп жауап береді Жаратқан Алла. Сонда Ибраһим Халилулла:

— Уа Раббым, олай болса, менің салмақтылығымды арттыра көр – деп тілек білдірген екен.

Осы риуаяттың арабша мәтініндегі "уәқаар- وَقَارٌ " сөзіне ғалымдар: "ақыл тоқтатып, әр ісінде қырағы болу" деп түсініктеме берген.

Ендеше, Исламда шаш-сақалға ақтың түсуін бір сөзбен айтқанда: ақыл тоқтатқандықтың белгісі деп түсіндіреді. Бұл қымсынатын нәрсе емес. Шашыңызда пайда болған ақ шаштарды жұлғаннан гөрі, қына секілді табиғи шаш бояу қолданған абзал. Оның үстіне, ақ шашты жұлған сайын көбейетіні мәлім. 

Дегенмен де, дәрігерлер жастарда, әсіресе бозбала шағында не одан да жас кезде ақ шаштың пайда болуы денедегі организмнің бұзылуының көрсеткіші дейді. Мұндай жағдайда арнайы трихолог маманға көрінген дұрыс.  

Айта кетейік, мәкруһ – жағымсыз әрекет, айыптылық. Оны істеген адам күнәға батады, мәкруһты дұрыс деген адам күнәһар болады.

3756
Кілт сөздер:
мәкруһ, Ханафи, ақ шаш, ислам діні
Тақырып бойынша
Исламда құлақ тесу туралы не айтылған?
Исламда қандай сөздерді қалжыңдап болса да айтуға болмайды?
Ислам дінінде қыздың теңі болу үшін жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?
Ислам дінінде зинадан да ауыр күнә қандай?
Загрузка...