Жедел жәрдем

Әжей бір ай ішінде 106 рет жедел жәрдем шақырған

138
(Жаңартылды 13:55 23.10.2018)
Астана тұрғыны көптеген созылмалы дертке шалдығып, кеуде тұсы ауыра бергендіктен жедел жәрдем шақырыпты

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Астанада қарт әйел бір ай ішінде жедел жәрдемді 106 рет шақырған.

Көмек сұраған әжей көптеген созылмалы дертке шалдыққан екен, деп жазады "Елорда Инфо" қалалық жедел жәрдем станциясына сілтеме жасап.

Жедел ақпараттық диспетчер бөлімінің жетекшісі Бота Сәдетханның айтуынша, дәрігерлер 86 жастағы әженің мекенжайын әбден жаттап алып, шақырған сайын барып отырған.

Зейнеткер кеуде қуысының ауыратынын айтып, шағымданған соң, "103" нөміріне түскен қоңырауына жауап бермеуге болмайтын еді.

Кейінірек әжейді қарттар үйіне апарыпты. Ол кісі енді жедел жәрдемге хабарласпайды.

Жедел жәрдем қызметінің форматы былтыр өзгеріске ұшыраған болатын: түскен шақыртулар төрт санатқа бөлінеді. Бұдан былай жедел жәрдем көмегіне жиі жүгінетін науқастарға емханалар көмектеседі, олар мекенжайға бригаданы немесе учаскелік дәрігерді жібереді.

138
Кілт сөздер:
қарт, емхана, жедел жәрдем, Астана
Тақырып бойынша
Астанада "жедел жәрдем" операторы телефонмен жүкті әйелді босандырды
Астанада "жедел жәрдем" көліктері сиренаны не үшін қосып жүргені анықталды
Жедел жәрдем қызметкерімен жанжалдасқан жүргізуші қамауға алынды
Қазақстанда жедел жәрдем жаңа ережелермен жұмыс істейтін болады
Загрузка...