Лимон мен стақан, тұмау

Тұмаудың қалай алдын аламыз: астаналық дәрігерден 10 кеңес

2679
(Жаңартылды 21:25 24.10.2018)
№3 қалалық емхананың дәрігері Айдарбек Өтемұратов тұмаудан қалай сақтануға болатынын және оның алғашқы белгілері біліне бастағанда не істеу керектігін айтып берді

АСТАНА, 23 қазан — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Күзде тұмау мен өткір респираторлық вирустық инфекцияның маусымы басталады. Кез келген жастағы адам сырқаттануы мүмкін бұл екі вирустық ауру адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Сол себепті олардың алдын алу маңызды.

Жандарбек Бекшин
© Photo : Служба центральных коммуникаций

Көп адам бұл екі аурудың арты өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білсе де, бірден ауруханаға бармайды. Жақындарынан кеңес сұрап, интернеттен осы тақырыпта әртүрлі материал оқып, өзін емдей бастайды. Осындайда дұрыс емдемесе, ауруы бұрынғысынан бетер асқынып кетуі мүмкін. Ал асқынған аурудың емделіп-емделмеуі белгісіз. Осы орайда Астана қаласындағы №3 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Айдарбек Өтемұратов тұмаудың қалай алдын алуға болатынын айтып, 10 кеңес берді.

Ауырмаған адам медициналық маска кимегені жөн

Бүгінгі таңда көптеген адам тұмаумен немесе басқа да вирустық аурумен ауырмаса да, медициналық маска киіп жүруді әдетке айналдырып отыр. Бұлай жасамаған дұрыс. Себебі, адам маска кигенде дұрыс тыныс алмайды. Екіншіден, адам медициналық маскаға үйреніп алса, кейін суыққа шыққанда мұрын қабықтары тітіркене бастайды. Осының салдарынан ол өмір бойы маска киіп жүруге мәжбүр болады. Әрине, егер адамның өзі ауырып тұрса, онда міндетті түрде маска кигені жөн. Бұл аурудың айналадағыларға жұғу пайызын төмендетеді.

Тағы оқыңыз:

С дәрумені

Бұл дәрумен цитрусты жеміс-жидек құрамында болады және дәріханаларда таблетка түрінде сатылады. Олардың екеуі де бірдей пайдалы. Кейде цитрустық жеміс-жидектер адамның басқа бір ауруын өршітіп жіберуі мүмкін. Мысалы, артритті алайық. Мұндайда аталған жеміс түрлерін мүлдем пайдалануға болмайды. Осындай кезде дәріханадан таблетка түріндегі дәруменді алып ішкен жөн.

Қимыл-қозғалыста болу

Адам үнемі қозғалыста болып, спортпен тұрақты түрде шұғылданса, қан айналым қызметі жақсара түседі. Мұндайда адамның иммунитеті жоғарылап, кез келген ауруға төтеп беретін қасиетке ие болады. Көп қозғала бермейтін адамдардың вирустық ауруға шалдығу қаупі жоғары болатыны осыдан.

Сұйықтық көп ішу

Тұмауратқан кезде ғана емес, кез келген уақытта сұйықтықты мүмкіндігінше көбірек ішу қажет. Дененің сыртқы бөлігін қалай таза ұстасақ, оның ішкі бөлігін де дәл солай жуып-шәйіп отыру маңызды. Су өздеріңіз білетіндей токсиндерді сыртқа шығарып отыруға көмектеседі. Тұмау кезінде де сұйықтықты әдеттегі мөлшерден көбірек ішу қажет.

Тағы оқыңыз:

Төсек-орын бұйымдарын аптасына бір рет ауыстыру

Кез келген толық қалыптасқан адам төсек орын бұйымдарын тұрақты түрде аптасына бір рет ауыстырып отыруға міндетті. Бұл вирустық аурулардан сақтанудың ғана емес, гигиенаның бір бөлігі. Осылай жасап отыратын болсаңыз, кез келген ауру сізді айналып өтетін болады.

Бөлмені тазартып отыру

Үй ішінде вирустық инфекциялар таралса да, таралмаса да, бөлмедегі ауаны күніне бір рет алмастырып отырған жөн. Бұл қарапайым терезені ашу арқылы жүзеге асады.

Тамақ жұтқызбай ауырғанда

Мұндайда қайнаған сүтке сары май мен бал араластырып ішкен жөн. Бұл қоспа вирусты жойып қана қоймай, иммунитетті нығайта түседі. Әрі жылдам әсер етіп, тамақты бірден ашады.

Зиянды әдеттерден арылу

Шылым шегу, ішімдік ішу деген секілді зиянды әдеттердің ағзаға кері әсері мол. Ал тұмауратқанда, қандай да бір вирустық ауруға шалдыққанда, олардың әсері екі еселене түседі. Әдетте вирустық ауруға шалдыққан кезде бірінші тін қабығы бұзылады. Яғни шылымның түтіні осы тін қабығын зақымдап, кейін адам ауруға тез шалдығатын болады. Ал шарап өз кезегінде иммунитетті төмендетіп жібереді.

Вакцина

"Сақтансаң сақтайды" деген сөз бекер айтылмаса керек. Елімізде 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцина салу шаралары жүріп жатыр. Әртүрлі өңірдегі ақылы егу кабинеттерінде тұмауға қарсы вакцинаның құны 1 600 теңгеден басталып, 3 500 теңгеге дейін жетіп отыр. Яғни, бұл дәрілік препарат та тұмаудың алдын алуға көмектеседі.

Тағы оқыңыз:

Д дәрумені

Бұл дәрумен түрі сүйекті қатайтып қана қоймай, иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Ол ағзада жеткілікті мөлшерде болу үшін күн астында көбірек жүру қажет. Ал Астана қаласында ауа райы суық, күн де көп шыға бермейді. Әсіресе, күз, қыс мезгілдерінде. Мұндайда Д дәруменін дәріханалардан сатып алуға емесе белгілі бір тағамдарды тұтыну арқылы алуға болады.

2679
Кілт сөздер:
дәрумен, инфекция, ауру, зиянды әдеттер, тұмау, Астана, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қателескен дәрігер науқасты алдап екі рет ота жасаған
Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады
Астанада дәрігер науқасты соққыға жықты: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Белгілі дәрігер дәретханаға түнде екі рет бару ненің белгісі екенін айтты
"Үстел қозғала бастайтын". Семейлік дәрігер жантүршігерлік оқиғаны баяндады
Біртанов: көптеген дәрігер жұмыстан кетпек
"Өлім жазасына кесеміз бе?". Біртанов дәрігерлер жұмысына қатысты пікір білдірді
Загрузка...