Пәтер кілті

Ұлттық банк "7-20-25" бойынша қай кезде ипотека берілмейтінін түсіндірді

1037
(Жаңартылды 21:19 23.10.2018)
Смоляковтың айтуынша, көп жағдайда ипотека азаматтардың кірісін растай алмауына байланысты берілмейді

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков азаматтарға қай кезде ипотека берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды тілшісі.

Сенатта "7-20-25" бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша өткен кездесуде депутаттар кредит тарихы нашар қазақстандықтардың мәселесін көтерді. Сенатор Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, кейбір банктер азаматтың  үш-бес жылға дейінгі кредит тарихын зерттесе, кейбіреулері тек он екі айдағы несие тарихына қарайды екен. 

"30 мың теңгеге тоңазытқыш сатып алды да, 3 мың теңгесін уақытында төлеген жоқ. Міне, осы азаматтың кредит тарихы нашар, ол базада тіркелген. Қазақстандықтардың дені осының кесірінен бағдарламаға қатыса алмай жүр", — деді Дүйсембаев.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков банктер үшін сомасы аз қарыз бойынша кредит тарихының нашар болуы проблема емес екенін атап өтті. 

"Біз ипотека неге берілмейтінін зерттеген кезде, ең басты себеп – қарыз алушы өзінің кірісін растай алмайды", — деді ол. 

Смоляков Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге азаматтардың кредит тарихын зерттеу мәселесі бойынша қысым жасай алмайтынын айтты. 

"Бағдарлама бойынша, егер қарыз алушы ипотекалық қарыз бойынша дефолтқа жол берсе, онда аталған несие, егер оның құрылымын қайта қарау және кредит параметрлерін жұмсарту туралы келісімге келу мүмкін болмаса, ол банкке қайтарылады", — деді ол. 

Оның айтуынша, банк сол кредит үшін алған қаржы сомасын кері төлейді. 

"Яғни, түптеп келгенде, несие тәуекелі банкке әсер етеді. Әр банк қарыз алушының кредит тарихын өз тәжірибесіне сүйене отырып зерттейді", — деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 


1037
Кілт сөздер:
кредит, бағдарлама, баспана, ипотека, Ғұмар Дүйсембаев, Олег Смоляков
Тақырып:
"7-20-25" бағдарламасы (35)
Тақырып бойынша
"7-20-25": екі миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі
"7-20-25" баспанаға мұқтаждардың барлығын бірдей жарылқай алмауы мүмкін
"7-20-25": Депутаттар Шымкент үшін ипотека мөлшерін көтеруді сұрады
"7-20-25": Мыңнан астам халық тұрғын үй бағдарламасымен баспана алады
"7-20-25" бойынша алғашқы айдағы қорытынды: қанша қазақстандық баспаналы болады
Архивтегі фото

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?

1
COVID-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырған ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  

Вакцина БҒМ ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.

"Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмысын жалғастырып жатыр", – деп мәлімдеді институт директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу нәтижелері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

Қазақстандық вакцина адамдарға қашан сыналады

Сараптамалық жұмыстар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қаласындағы клиника базасында коронавирусқа антидене анықталмаған 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп жоспарланып отыр.

Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Кандидаттық вакциналардың клиникалық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан салынып жатқан биофармацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады.

Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар клиникаға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вакциналарды шығарады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДСҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

1
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Архивтегі фото

Қазақстанда Өзбекстаннан қара өрік алып келуге тыйым салынды

1170
(Жаңартылды 10:45 08.08.2020)
Бір аптаның ішінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, қара өріктен үш рет Шығыс көбелегі, бір рет Комсток құрттары табылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті Өзбекстан аумағынан қара өрік әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.  

Мұндай шешімге Өзбекстаннан келген қара өрік жемісінен карантиндік объектілердің жиі анықталуы себеп болды.

Сливы, иллюстративное фото
© Sputnik / Томас Тхайцук
Қара өрік

2020 жылдың 24 шілдесінен 1 тамызына дейін өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, оның ішінде 3 жағдайда жемістерде Шығыс көбелегі (Grapholitha tolesta Busck), бір жағдайда Комсток құрттары (Pseudoccus comstocki (Kuwana) табылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатыны белгілі болды 

Шектеу шаралары Қазақстан аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Шығыс жемісі қауіпті карантиндік зиянкес саналады. Шабдалы, өрік, алма, нектарин, қара өрік, айва, алмұрт, шие, лавр,  бадамның өсінділері мен жемістеріне 90% дейін зиян келтіруі мүмкін.

Кеміргіш құрт бұтақты кептіріп, жапырақтарды, өсімдік жемістерін сарғайтып жібереді. Жемістің сапасы нашарлай түседі.  

1170
Кілт сөздер:
Өзбекстан, жеміс-жидек
Тақырып бойынша
Коронавирус тамақ арқылы қалай жұғуы мүмкін - маман жауабы
Өмірді ұзартып, қартаюды баяулатады – ғалымдар ерекше жемісті атады
Дәрігерлер мандаринді қай уақытта жеуге болмайтынын айтты
Нұр-Сұлтанда тонналаған түрік анары өртелді
Қандай тағамдар өте қауіпті екені анықталды