Бетін жауып тұрған ер адам

Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған мұғалім сотта жылап кешірім сұрады

635
(Жаңартылды 17:58 24.10.2018)
Судья Шерхан Байзеновке кінәсін мойындау арқылы процестік келісімге келуге рұқсат бермеді

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Мемлекеттік айыптаушы ұлтаралық қақтығысты өршіткен Шығыс Қазақстан облысының мұғалімі Шерхан Байзеновті жалпы режимдегі колонияға үш жылға қамауды сұрады, деп хабарлайды "Уральская неделя" порталы.

Естеріңізге сала кетсек, тарих пәнінің мұғалімі Шерхан Байзенов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін Facebook желісіне пост жазып, оны өлтірген "қытайлықтарды" мақтаған-ды. Қоғамдық резонанстан кейін мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Байзенов Денис Теннің кім екенін білмейтінін айтып ақталған. Қазіргі сәтте ол мектептегі жұмысынан шеттетілді.

Сот Шерхан Байзеновке кінәсін мойындау арқылы келісімге келуге рұқсат бермеді. Егер рұқсат берсе, бұл оның жазасын жеңілдететін еді.

Тағы да оқыңыз:

Сотталушыға қарсы оқушы куәлік етіп, өзінің оған желідегі жазбасы үшін ескерту жасағанын айтты.

"Сыныптастар тобыны Шерхан Байзенов жазбасының скриншоты жіберілді. Мен оның мектепте ұстаз болып жұмыс істейтінін білемін. Маған ұнамағандықтан, одан "Неге бұлай жаздыңыз?" деп сұрадым. Және одан бұл жазбаны өшіруін өтіндім. Ал ол маған менің кішкентай екенімді және көп нәрсе түсінбейтінімді айтты. Кейін сыныптас құрбым екеуіміз осы скриншотты блогерлер мен басқа адамдарға жібердік. Маған ұстаздың бұлай жазғаны ұнамайды", — деді Данара Кулдыбаева.

Шерхан Байзенов анасының ауырып жатқанын айтып, соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сөз соңында сотталушы көз жасына ерік берді.

Шерхан Байзеновке қандай үкім кесілетіні 24 қазан күні белгілі болады.

Тағы оқыңыз:

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматының орталығында ұрылардың қолынан өлді. Спортшы олардың көлігінің айнасын ұрлағалы жатқан жерден үстінен түсіп, кейін соңдарынан жүгіреді. Осы кезде ұрылардың бірі Денис Тенді пышақпен жарақаттайды. Араға бірнеше сағат салып Денис Тен көп қан жоғалтқандықтан, ота үстелінде көз жұмды.

635
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, әлеуметтік желілер, сот, оқушы, мұғалім, Денис Тен
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Тен қаза тапқан күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Психоаналитиктер Денис Теннің әндері кімге арналғанын айтты
Денис Теннің америкалық бапкері мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Денис Теннің өлімі: Арман Құдайбергеновтің 10 күн бұрын Астанада ұсталғаны рас па?
Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты
Денис Теннің өліміне соттың кінәсі бар ма? Адвокаттың пікірі
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

44
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

44
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады
Архивтегі фото

Індеттен жазылғандардың саны бес мыңға жуықтады

36
Қазақстанда 9 576 тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып,  оның 4 893-і ауруханадан емделіп шықты   

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Алматы қаласында 28, Нұр-Сұлтан қаласында 11, Шымкент қаласында 3, Жамбыл облысында 3, Қарағанды облысында 8, Қостанай облысында 2, Түркістан облысында 10, Маңғыстау облысында 1 науқас жазылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 4 893.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1029,
  • Алматы қаласы – 1373,
  • Шымкент қаласы – 244,
  • Ақмола облысы – 106,
  • Ақтөбе облысы – 176,
  • Алматы облысы – 180,
  • Атырау облысы – 279,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 51,
  • Жамбыл облысы – 176,
  • Батыс Қазақстан облысы – 269,
  • Қарағанды облысы – 217,
  • Қостанай облысы – 62,
  • Қызылорда облысы – 233,
  • Маңғыстау облысы – 116,
  • Павлодар облысы – 148,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 35,
  • Түркістан облысы – 199.

Айта кетейік, Қазақстанда 9 576 адам коронавирус жұқтырды, оның 37-сі көз жұмды.

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты 

36
Кілт сөздер:
науқас, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Алматы қаласының бас дәрігері үйде емделудің ерекшелігін түсіндірді
"Қорқып кеттік": Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады
Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды