Күн шығып тұр

Қазақстанда ауа райы 28 градусқа дейін жылынады

1204
(Жаңартылды 10:40 25.10.2018)
Синоптиктер оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Қазақстанда ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі деп болжады

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. 25-27 қазан аралығында мемлекет территориясында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның батысына Поволжья өңірінен атмосфералық фронттар келеді. Осының әсерінен аталған аймақта жауын жауып, ауа температурасы төмендейді.

Республиканың қалған территориясында алдағы екі тәулікте ауа райының жылы болуына әсер ететін антициклондар сақталады. Ең жоғары температура оңтүстік және оңтүстік-шығыста +18, +23 градус, кей жерлерде +28 градусқа дейін барады. Тек 27 қазан күні солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуіне байланысты жаңбыр жауады. 

25 қазанда Астанада күндіз ауа температурасы +7, +9, кешке —1 және +1 градус болады. 26 қазан күні күндіз ауа температурасы +10, +12 градустан асса, түнде —1, +1 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда күндіз ауа температурасы +18, +20, ал түнде +5 және +7 градус болады. Ал 26 қазан күні күндіз ауа температурасы +20, +22 градусқа дейін жоғарыласа, түнде +6, +8 градусқа дейін түседі.

Тағы оқыңыз:

Шымкентте термометрдегі көрсеткіш +24, +26 көтеріледі, ал түнде +8, +10 градус болады. 26 қазан күні күндіз ауа температурасы +26, +28 градусқа дейін көтерілсе, түнде +8, +10 градусқа дейін төмендейді.

1204
Кілт сөздер:
атмосфералық фронттар, күн, жаңбыр, ауа температурасы, синоптиктер, ауа райы, Шымкент, Алматы, Астана
Тақырып бойынша
Жойқын дауыл Қытай мен Филиппиннің астаң-кестеңін шығарды: қорқынышты фотолар
Меккеде қатты дауыл тұрды - видео
Ақтауды шаңды дауыл басып қалды
40 градус: Маңғыстауда аптап ыстық қашан басылады?
100 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді
Шығыс Қазақстанда малшыға найзағай түсті
Қарағандыда жанармай құю бекетіне найзағай түсіп, жарылыс болды
Химиялық ыдыстар

Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді видео

4
Күдіктілер есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша жасырын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген зертхананы анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 27 шілде күні Алматы қаласында екі ер адам ұсталды. Олар арнайы зертханада синтетикалық есірткі өндірген. Құқық қорғаушылар ұсталғандардың үйін, автокөлігі мен зертхананы тінтіп, сатуға дайын 55 келіден астам жоғары сапалы "мефедрон" есірткі затын тәркіледі. Қылмыскерлер оны кристалдап үлгерген.

"Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, қылмыскерлерден ірі сомада шетел валютасы мен атыс қаруы алынды", - дейді тәртіп сақшылары. 

Бұдан бөлек, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасауға жететін бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер тәркіленді. Бұл ел тарихында анықталған ең ірі есірткі зертханасы болып отыр. 

"Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан. Есірткі өндіру көлемі өнеркәсіппен бірдей болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіттің есірткі өндіретін зертханасы әшкереленді

Ал оның көлемді партиялары интернет желісіндегі "DarkNet" атты көлеңкелі сегментінде жұмыс істейтін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне сатылған. Қылмыскерлер төлем ретінде көбінесе биткоинмен есеп айырысып отырған. Олардың айтуынша, өнімдерінің тазалығы мен сапасының жоғары болуына байланысты елдегі ірі қалалардан тапсырыс көп түсіп тұрған.

4
Кілт сөздер:
зертхана, есірткі сату, есірткі
Тақырып бойынша
"Есірткі шегіп алғансың!". Танымал сарапшы Головкинге қандай баға берді?
Он үш қабырғасы сынған: Есірткі "шеккен" 2 жасар бала әкесінің қолынан өлді
Қазақстанда оқушыларға дәрілік есірткі сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылды
Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады
Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін
Damumed қосымшасы

Damumed дауы: жалған мәлімет енгізген өңірлер аталды

408
Медициналық ұйымдар жалған өтінімдер арқылы қордан алған ақшасын үш еселеп қайтарды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. "Damumed" қосымшасы арқылы медициналық көмекке қатысты мәліметті бұрмалаған емханалар ақшаны үш еселеп қайтарды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды 

Оның айтуынша, биыл жарты жылдың ішінде медициналық көмек көрсетілгені туралы 13,5 мың жалған өтінім берілген. Медициналық сақтандыру қорынан ақша да аударылған. Алайда емханалар мен ауруханларға ол ақшаны үш еселеп қайтаруға тура келді.  

"Медициналық ұйымдар жалған өтінімдер арқылы қордан алған ақшасын үш еселеп қайтарды. Бұның барлығы келісімшартта айыппұл ретінде жазылады", - дейді Қожахмет.

Министрліктің ресми өкілі жалған өтінімдер көп тіркелген аймақтарды да атады.

"Фальсификацияның ең жоғары көрсетіші Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматыда және тағы басқа аймақтарда тіркелген. Бұл, шынымен де, бұрмалау. Белсенді азаматтарымыздың арқасында біз осы жүйенің барлық кемшілігін анықтап, ашықтықты қамтамасыз ете аламыз. Арыз-шағымдар болса, 1406 телефонына хабарласуды сұраймыз. Біз барлық фактіні тексереміз", - деп түйіндеді Қожахмет.

408
Тақырып бойынша
"Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты