Банкнота

Қай салалардың қызметкерлеріне миллион теңгеден берілетіні белгілі болды

4338
(Жаңартылды 12:20 26.10.2018)
Астанада 16 мыңнан астам адам тұрғын үй көмегін ала алады, ол бастапқы жарнаны төлеуге жұмсалады

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Астанада баспана сатып алу үшін әлеуметтік көмекке үміткер бюджет қызметкерлерінің санаты белгілі болды.

Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, полиция және әлеуметтік қамтамасыз ету саласының жұмысшылары бір миллион теңгеден ала алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қаласында аталған сала қызметкерлерінің саны – 37 102 астам, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаждар саны – 16 850 адам. 

"Қаланың муниципалды қызметтерінде білікті кадрлар корпусын жасақтау мақсатында іс-шаралар қолға алынды. Жоғарыда көрсетілген салалардың қызметкерлеріне 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек (тұрғын үй алу үшін көмек) берілетін болады", — дейді Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының тұрғын үй саясаты бөлімінің бас маманы Айшагүл Сәбитбекқызы. 

 1 миллион теңге ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін төлеуге жұмсалады. 

Бұл іс-шара тұрғын үйге мұқтаждар санын азайтуға, сондай-ақ білікті кадрлар корпусын сақтап қалуға мүмкіндік береді.  


4338
Кілт сөздер:
миллион теңге, "7-20-25" бағдарламасы., тұрғын үй, баспана, Астана
Тақырып:
"7-20-25" бағдарламасы (34)
Тақырып бойынша
"7-20-25": екі миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі
Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер алуға миллион теңгеден көмек беріледі
Ұлттық банк "7-20-25" бойынша қай кезде ипотека берілмейтінін түсіндірді
"7-20-25" бағдарламасы арқылы пәтер алу қолжетімді бола түсті
Загрузка...