Қоғам

Демалыс күндері Қазақстанда күн суытып, қар жауады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 27-29 қазан күндеріндегі ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, деп хабарлайды

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстанда ауа райы бұзылады. Суық атмосфералық ағымдармен байланысты белсенді бұлтты массив республиканың батысына ығысып, демалыс күндері шығыс бағытта қарай жылжиды.

"Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, еліміздің барлық аумағында ауа температурасы төмендейді", — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" қазанның жиырмасынан кейін күн қатты суытатынын ескерткен еді. Синоптиктердің болжауынша, бұл кезде солтүстікте күндіз 5 градус, ал түнде 13 градусқа дейін аяз болады; ал оңтүстікте түнде бес градусқа дейін суытса, күндіз 18 градус жылы болмақ. 

Жаңалықтар
0