Жасөспірім

Абай ауылында бозбаланы зорлау ісі: адвокат жаңа деректермен бөлісті

952
(Жаңартылды 11:48 27.10.2018)
Жас жігіт үш жыл бұрын басынан кешкен сұмдықты қайта баяндап беруге мәжбүр болды, себебі іс бойынша жаңа тергеуші тағайындалған

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Түркістан облысы Абай ауылында 16 жастағы бозбаланың зорлануы туралы атышулы істі қолына алған танымал қазақстандық адвокат Айман Умарова  Sputnik Қазақстан тілшісіне тергеу барысы туралы айтып берді.

Адвокаттың айтуынша, жасөспірімді бірнеше рет зорлаған екі ер адам ғана емес, олардың бірінің әйелі де жауапқа тартылуы тиіс.

Зорлау оқиғасы

Бұдан бұрын Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында 16 жасынан бастап 3 жыл бойы екі ер адамның зорлағаны туралы айтқан еді.

Алты жыл ішінде зорлау оқиғасы туралы бірнеше рет қылмыстық іс қозғалып, айғақтың жетіспеушілігінен тоқтап қала берген. Жас жігіт әділдікке қол жеткізу үшін БАҚ-қа жүгінуге бел байлайды.

Жәбірленушінің сөзіне сүйенсек, зорлық жасағандардың бірі сол кезде полицияда жұмыс істеген. Қазір құқық қорғау органының қызметкері емес. Бірнеше рет зорлап қана қоймай, ер адам кәмелеттік жасқа толмаған баладан ақша бопсалайды. Күйеуінің заңсыз әрекеті туралы білген әйел мұны тоқтатудың орнына, ақша бопсалауға өзі де қосылған.

Іс ілгері жылжыды

Қазір, Умарованың айтуынша, ауылдың полиция бөлімшесіндегі іс облысқа жіберілді. Жаңа тергеуші тағайындалып, жәбірленушіден тағы бір рет жауап алған.

"Істі сотқа дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Қылмыс құрамы белгілі, 121-баптан (кәмелеттік жасқа толмағанға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық) бөлек, бопсалау да бар. Бозбаланы зорлаған полицейдің әйелін де жауапқа тарту керек деп санаймын, ол да құқық қорғау органында істейді. Әлбетте, бұл адамдардың қамауға алынғанын қалаймыз. Істі сотқа жіберу үшін айғақ жеткілікті. Тергеу әділетті түрде жүзеге асырылады деп сенемін", — деп хабарлады Айман Умарова Sputnik Қазақстанға.

Іс бойынша айыптаушылардың бәрі Түркістан облысында тұрады.

Бұдан бұрын Sputnik Қазақстан Бас прокуратураға сауал жолдаған еді, жауапта жәбірленушінің отбасы қадағалау органына істің анық-қанығына жетуді сұрап, талай рет арыз жазғаны айтылды. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, облысқа жіберілген іс жылдар бойы тоқтап тұрған.

952
Кілт сөздер:
адвокат, қылмыстық іс, зорлау, Абай ауылы, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Абай ауылында баланы зорлау ісі бойынша бастапқы тыңдау өтті
Атышулы Абай ауылында зорланған баланың ісі: кімдер жазаланғаны белгілі болды
Абай ауылында зорланған баланың отбасы халықтың көмегіне зәру
Видеоға түсіріп, бопсалаған: Абай ауылында жас жігіт зорланғанын мәлімдеді
Мейрамхана, архивтегі сурет

Қазақстандық судьялардың іссапар кезіндегі әрекеті әшкере болды

1
(Жаңартылды 13:49 04.06.2020)
Жоғарғы соттың судьялары Түркістан қаласына қызметтің іссапармен барған. Комиссияның құрамында Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары да болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жоғарғы соттың екі судьясын тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жоғарғы соттың судьялары Түркістан қаласына қызметтің іссапармен барған. Комиссияның құрамында Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары да болды. Олардың барлығы сот этикасын өрескел бұзған.

"Судьялар қызметтік іссапар кезінде мемлекеттің тарапынан толығымен қамтамасыз етіледі. Соған қарамастан, облыстағы әріптестерінен материалдық сый-сыяпат алған. Мәселен, Жоғарғы соттың судьялары танымал мейрамхананың VIP-кабинасында түскі асты да, кешкі асты да күтіп алушылар есебінен ішкен. Оған қоса, күтіп алушылардың көліктерін жеке мақсатта пайдаланған. Осылайша,  этиканы өрескел бұзған", - деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.      

Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет Жоғарғы сотқа екі судьяны тәртіптік жазаға тарту туралы ұсынысты енгізді. 

"Жалпы, бұған дейін осы іспетті ұсыныстарды қарастырғаннан кейін 272 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған болатын. Олардың ішінде 30 адам жұмыстан босатылды", - деп атап көрсетті Биғайдаров.

1
Кілт сөздер:
сот, іссапар, судьялар
Тақырып бойынша
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған: Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Алматыда судья алған парасын қайтарып жатқан жерінен ұсталды - видео
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Полиция инспекторы

Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды

17
Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.

"Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын "Парламент" темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін "Магистраль №4" блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен", – деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап республика бойынша барлық блок бекеттер алынды. Содан кейін барлық бағыттағы қалааралық автобус қатынасы ашылды. Пойыздар да жүре бастады.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

17
Кілт сөздер:
пара, полицей
Тақырып бойынша
Карантин кезінде ажырап қалған: полиция балаларды ата-анасымен қауыштырды – видео
Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін түсіндірді – видео
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Жамбыл облысында болған оқиғаның видеосы жарияланып кетті - полиция ақпарат берді