Интернет

Енді қазақстандықтар карта арқылы бюджеттің жұмсалуын бақылай алады

242
(Жаңартылды 11:49 28.10.2018)
Интерактивті карта әзірге тек Астанада іске қосылды, болашақта басқа өңірлерді қамту көзделіп отыр

АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы таныстырылды, деп хабарлайды тілшісі.

Бүгін Астананың қоғамдық бақылауының интерактивті картасы іске қосылды. Ақпараттық ресурс Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен, сондай-ақ әзірлеуші компания қаржысына әзірленген. 

Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасының көмегімен елордалықтар бюджеттік шығындар туралы бар мәліметті біле алады. 

Карта нақты уақыт режимінде Астананың жалпы сомасы 150 миллиард теңге болатын әлеуметтік нысандарын салу, жөндеу және күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді. Сондай-ақ мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстың егжей-тегжейін, тіпті қиыршық тастың диаметрі, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Нидерланды Корольдігінің елшісі Дирк Ян Коп картаның дизайны Қазақстан үшін арнайы әзірленгенін атап өтті. 

"Біздің өзімізде мұндай карта жоқ болғандықтан, мен кішкене қызғанып та тұрмын. Картаның дизайны Қазақстан үшін арнайы әзірленді. Бұл заманауи, инновациялық технология. Соңғы 100-150 жылда барлық жергілікті, қалалық және облыстық бюджеттер қарапайым халыққа жабық, қолжетімсіз болатын. Енді осы картаның көмегімен әр адам бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанын бақылай алады", — деді елші брифинг барысында. 

Елшілік картаны әзірлеуге үш миллион теңге бөлген, ал жобаға жұмсалған жалпы сома қанша екені белгісіз.

Цифрландыру туралы халықаралық форумның тікелей көрсетілімі
© Photo : официальный аккаунт сайта премьер-министра РК в Facebook

Интерактивті карта 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлай алады.

Сонымен қатар, ресурс жұмсалған қаражатты автоматты түрде талдайды және ұқсас нысандармен салыстырады. Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасына мына сілтеме арқылы өтуге болады. 

Жоба авторлары бұл жаңашылдықты келесі жылдың соңына дейін еліміздің басқа қалаларында да іске қосуды жоспарлап отыр.

242
Кілт сөздер:
бақылау, мемлекеттік бюджет, интерактивті карта, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Тақырып бойынша
Айыппұлды қалай онлайн төлейміз?
Депутаттар мен министрлер ұсынған кітаптардан онлайн-кітапхана жасақталады
Қазақстанда енді жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Астанада жұртты дүрліктірген көлік картасына онлайн тапсырыс беруге болады
Енді Қазақстан халқы санын онлайн режимде көруге болады
Астанада оқушыларды онлайн тіркеу қалай жүзеге асады?
Әділет министрі: тілшілерге заң шығару жұмысын онлайн режимде бақылауға рұқсат беріледі
Астана және Алматы ХҚКО-лардың жүктемелігін онлайн тәртібінде бақылауға болады
Абаев: 18 қаңтарда онлайн режимінде тіркелу іске қосылады
Загрузка...