Тергеу абақтысы, архивтегі фото

Сүйіктісін итке жегізген: түрмеге қамалған атақты спортшылар

4775
(Жаңартылды 18:14 29.10.2018)
Түрлі себеппен түрмеге қамалған спортшылар жайлы толық мәлімет

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Соңғы кездері футболшылар алаңдағы нәтижеге қарағанда, қылмыстық оқиғалармен жиі есте қалып жатыр. Төбелес шығарған ресейлік футболшылар Александр Кокорин мен Павел Мамаев, қыз зорлады деп айыпталып жатқан Криштиану Роналду… Ал түркиялық Арда Туран барда әншінің мұрнын сындырған болатын. 

Бұл футболшылар туралы ақпараттар күн сайын жаңалық беттерінен шығып жүр. Сондықтан, бүгін түрлі себепке байланысты түрмеге қамалған спортшылар туралы айтуды жөн санап отырмыз, деп жазды prosports.kz. 

Эдуард Стрельцов, футбол

1958 жылы "Торпедоның" аңызға айналған футболшысы Швецияда әлем чемпионатына дайындалып жатқан. Дәлірек айтқанда, қыздармен бірге көңіл көтерген екен. Кейін сол қыздардың бірі "Стрельцов мені зорлады" деп арыз жазған. Тексерістің қалай өткені белгісіз, әйтеуір, Эдуард Стрельцов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ жақсы тәртібі үшін ол 1963 жылы түрмеден шыққан. Әйтсе де, футболшы мансабын қайта бастай алмады.

Майк Тайсон, бокс

Тайсон бокстағы мансабын енді бастап жатқанда көп адамдар оның бір күндері абақтыға қамалатынын болжаған еді. Қателеспепті. Түрлі жанжалдар шығарған "Темір Майк" кейін "Мисс Қара Америка" деген атағы бар 18 жасар Дезире Вашингтонды зорлады деп айыпталды. Сол қылмысы үшін боксшы үш жылға сотталған еді.

Аллен Айверсон, баскетбол

Бұл жерде нәсілшілдік мәселесіне тоқталамыз. 1993 жылы 18 жасар Аллен, "Денвер Наггетстің" болашақ қорғаушысы өз достарымен бірге ақ нәсілді жігіттермен төбелесіп қалған. Сол үшін қара түсті жігіттер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ төрт айдан соң Виргиния губернаторы Айверсонды түрмеден босатты.

Орентал Джеймс Симпсон, америкалық футбол

АҚШ-та Симпсонды бәрі танитын шығар. Ол Ұлттық футбол лигасында өте танымал болды, кейін киноға да түсті. Ол аз десеңіз, 1995 жылы Симпсонға өз әйелі мен оның көңілдесін өлтірді деген айып тағылды. Мұндай қылмыстан соң өлім жазасына кесілуі мүмкін еді. Бірақ футболшы ақталып шықты.

Қазақта "бұйырған кетпейді" деген сөз бар. 2007 жылы Симпсон бірнеше адам болып алтын сатушыларға шабуыл жасап, спорттық жүлделерін тартып алған. Әріптестері Орентал Джеймсті сатып кетіп, спортшы қарумен шабуыл жасағаны үшін және қылмыстық топты басқарғаны үшін түрмеге қамалды. Жазасы – 33 жыл.

Дьюи Бозелла, бокс

Бокс әлеміне енді аяқ басып келе жатқан 18 жасар Бозеллаға 92 жастағы әйелді өлтірді деген айып тағылды. 1983 жылы Дьюи өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бозелла түрмеде де боксты тастаған жоқ, ол "сотталғандар арасында үздік боксшы" деген атаққа ие. Бокстан бөлек, ол түрмеде отырып 2 жоғары білім алып шықты. Спортшыға түрмеден ертерек шығу үшін қылмысын мойындау ұсынылған еді. Бірақ Дьюи өз қылмысын мойындаған жоқ.

Тек 2009 жылы ғана қосымша айғақтар табылып, Бозелла бостандыққа шықты.

Майкл Вик, америкалық футбол

"Нью-Йорк Джетс"квотербегі иттер төбелесін ұйымдастырғаны үшін 3 жыл түрмеде отырып шықты. Мұндай жазаның бекітілуі кезінде Виктің шөп шегуге деген құмарлығы да есептелді. 2009 жылы спортшы түрмеден шығып, үлкен спортқа қайта оралды.

Билл Тилден, теннис

Тилден – Дэвис кубогының 7 дүркін иегері және Үлкен дулыға турнирлерінің 10 дүркін жеңімпазы. Ол 1956 жылы 14 жасар ұл балаға алымсақтанғаны үшін 2 жыл түрмеге жабылды. Бірақ теннисші бостандыққа шыққан соң онысын тастаған жоқ. Сөйтіп, тағы да 10 айға қамалды. Кейін Тилденнен достары теріс айналып, оның спорттық мансабы аяқталды.

Бруно ди Соза, футбол

Бразилия чемпионы, "Фламенго" қақпашысы Ди Созаны өз елінде көп адам жақсы біледі. Бірақ футболдағы жетістігі үшін емес. Футболшы сүйіктісі Элиза Самудиомен жанжалдасып қалған, бірақ кейін Элиза Созаға ұл сыйлады. Көп ұзамай, қақпашы өз достарымен бірге Элизаны өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Ол аз болғандай, бөлшектенген денесін итке жегізген. Футболшының бар кінәсі дәлелденіп, Бруно 22 жылға сотталып кетті.

Майк Дентон, хоккей

"Сент-Луистің" шабуылшысы 2004 жылы өз агентімен келіспей қалып, оны өлтіру үшін киллер жалдаған. Бірақ іс соңына дейін бармай 24 жастағы Дентон кінәлі деп танылды. Сот кезінде Майк 7,5 жылға сотталған еді. 2010 жылы хоккейші түрмеден шығып, үлкен спортқа оралды.

Угет Урбина, бейсбол

Урбина – MLB жұлдыздарының матчтарына екі рет қатысқан танымал бейсболшы. Бірақ кейін бейсбол жұлдызының жүйкесі сыр бере бастаған. Әйтпесе, дені дұрыс адам өзінің үй қызметшілерін тапаншамен қорқытып қоймас еді. Ол аз десеңіз, Урбина барлық қызметшісін бір қатарға тізіп қойып, үстеріне бензин шашқан. Адам өміріне қауіп төндіргені үшін сот Угетті 14 жылға соттады. Бірақ 7,5 жылдан соң Урбина бостандыққа шықты.


4775
Кілт сөздер:
футболшы, боксшы, спортшы, түрме
Тақырып бойынша
Биоәжетханаға тығылып чемпион атанған спортшы жарыстан қуылды
Жантүршігерлік қылмыс жасаған қырғызстандық Қазақстанға өтіп кетпек болған
Димаш Құдайберген

"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

55
(Жаңартылды 11:58 04.08.2020)
Әнші Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында салынған мурал үшін жерлестеріне іштей рахмет айтқанын жазды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматы көшелерінің бірінде салынған суретіне байланысты пікірін жазды.

Мурал с изображением Димаша
© Photo : Twitter / sula_manchester
Әнші суреті туралы жар салып жазуға ұялғанын айтты

Әнші Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында салынған мурал үшін жерлестеріне іштей рахмет айтқанын, алайда алдында аға буын өкілдері тұрғандықтан, ол жайлы жар салып жазуға ұялғанын айтты.

"Алматы қаласында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің сыйлығын көргенде жүрегіме жылулық орнап, іштей рахметімді айтқан болатынмын. Алайда Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сонымен қатар әнші муралды салған азаматтардың еңбегін бағалады.

"Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін және барша қолдаушыма шын жүректен алғыс білдіремін", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, бұған дейін әнші әлеуметтік желіде ұлттық аза тұту күніне орай жазба жариялап, мамыражай күндердің қайта келетініне сенім білдірді.

55
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
ҰБТ кезінде аудиторияда отырған ата-аналар

Қазақстанда ата-аналар жиналысы өтеді премьер-министр тапсырма берді

31
Білім министрінің айтуынша, ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсетудің маңызы жоғары

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин республикалық ата-аналар жиналысын өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің бүгінгі онлайн отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері пысықталды. Осы орайда премьер-министр оқушылар мен мұғалімдердің дайындығына баса назар аудару қажеттігін атап, 25 тамызға дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтауға тапсырма берді. Иинтернет-платформаларда және теледидарда қажетті контент толық көлемде болуы шарт. Ал ата-аналар үшін республикалық жиналыс ұйымдастырылады.

"Оқыту әдістемесін толық пысықтап, 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыруды тапсырамын", – деді Мамин.

Білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сынып сағаттары да ұйымдастырылады.

"Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету өте маңызды. Біз бұны төртінші тоқсанның нәтижесінде көрдік. Сондықтан тамыз айында балаларға және ата-аналарға үйде қалай оқу керек, гигиена негіздері, кибермәдениет, интернет арқылы қалай оқу керек және дене жаттығуларының маңызы туралы бірыңғай сынып сағаттары, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстарын өткізуді жоспарлап отырмыз", – дейді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Ата-аналар кірмейді: мектептерде "кезекші сыныптар" қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде алдын ала болжам бойынша биыл интернет мен  теледидар арқылы 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала және шалғай ауылдарда штаттық режимде 157 мыңнан астам оқушы білім алады.

31
Кілт сөздер:
ата-аналар жиналысы, білім беру
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматылық ата-аналар Сағынтаевқа шағымданамын деп опық жеді
Бейсенбі күні республикалық ата-аналар жиналысы өтеді
Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?
Ата-аналар қашықтан оқудың машақаты туралы айтып берді - видео
Қазақстандық ата-аналар 16 жасқа дейінгі балаларын үйден шықпай-ақ тіркей алады