Киіз үй

XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер

8832
(Жаңартылды 13:11 31.10.2018)
Ағайынға бала беру, әмеңгерлік, іштей құда түсу – қазіргі қоғамда кездесе бермейтін салт-дәстүрлер

АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Әр ұлттың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар. Заман өзгеріп, қоғам дамыған сайын салт-дәстүрлердің де озығы қалып, тозығы ұмытылады. Демократия, гендерлік теңдік, заң мен құқық үстемдік құрған қазіргі қоғамда кейбір салттың оғаш, ақылға қонымсыз көрінетіні жасырын емес. Бүгін біз XXI ғасырдың қазағы түсіне бермейтін кейбір салт-дәстүрлерге тоқталамыз.

Тұсаукесер
Национальный музей Казахстана

Іштей құда түсу және қарсы құда

Ертеде сенікі-менікі дегенді білмей, тапқан-таянғанын бірге ұстап үйренген тату адамдар "әйелдеріміз жүкті болып, бірі қыз, бірі ұл туса, құда боламыз" деп уәделескен. Солай бола қалғанда, екі жақ та балаларының ержеткенін күтіп, уақыты жеткенде, берген уәдесі бойынша құда түскен. Мұндай құдалардың арасында қалың мал мәселесі туындамайды. Екеуі де достықтың туысқандық қарым-қатынасқа ұласқанына қуанады. 

Қарсы құда көбіне жоқ-жітіктерде болады. Егер екі үйде де қыз, екі үйде де ұл болса, бір-біріне қалыңмал төлеуге шамалары келмесе, не төлеуден бас тартса, өзара келісіп, қарсы құда болады. Екі жақ қыздарын ауыстырады, яғни екі үйдің ұлдары қарындастарын айырбастау арқылы отау құрады.

Қазіргі қоғамда мұндайды көз алдыңа елестетудің өзі қиын. Қазір жастар өз таңдауын өзі жасайды. Ата-аналардың ұл-қыздарына жар іздеуі өте сирек кездеседі.

Бала беру 

Қазақ халқында ұрпақсыз қалмасын деген ниетпен бала сүйе алмай жүрген ағайынға бала беру дәстүрі бар. Әдетте көп балалы отбасы ұзақ жылдар сәби сүйе алмай жүрген туысқандарына бір перзентін беретін болған. Өзге отбасыға өз баласын беру ағайынның ұрпақсыз қалмауына септігін тигізіп қана қоймай, ағайын-туыстың арасын жақындата түседі. Әрі біреудің перзентін бауырына басқан әйел көп ұзамай өзі де жүкті болып қалып жатады.

Қазіргі қазақ қоғамында бұл дәстүр ұмытылды десе де болады, тіпті жастардың бұған үрке қарайтыны жасырын емес. 

Әмеңгерлік

Тұрмыстық зорлық-зомбылық
© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қазақ халқы ешқашан жетім-жесірін жылатпаған. Содан болса керек, күйеуі өліп, жесір қалған әйелді қайын ағасына немесе қайын інісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа берген. Осылайша жесір әйел мен оның балаларының далада қалмауын ойлаған. Тегі бөлек бөтен біреуге күйеуге шықса, балалары қорлық көріп, мейірімге бөленбей өседі деп санаған. Әрі әкелерінің қандас, аталас туыстары жетім балаларды анасынан ажыратып алып қалуы ықтимал. Мұның ауыр қиянат боларын қазақтар жақсы түсінген.

Бүгінде жесір қалған әйелдің марқұм күйеуінің туысымен тұрмыс құруы – сирек ұшырасатын жағдай, тіпті жоқтың қасы деуге де болады. Көп жағдайда күйеуінің ағайын-туысқандары әйел мен оның балаларына материалдық көмек көрсетіп, қол ұшын созып тұрады. 

Қыз алып қашу

Қыз алып қашу қазіргі жастарға жақсы таныс салттың бірі. Ертеде әкесі келісімін бермесе, жігіт қызды алып қашып қосылатын болған. Ал кейбір жігіттер қыздың келісімін алмай, зорлықпен алып қашып жатады. Әрине, мұндай жағдайда екі жастың дәм-тұзы жарасып, үлгілі, өнегелі отбасы болып кетуі өте қиын. 

Қазіргі кезде ақша үнемдеп, ұзату тойын өткізбес үшін алдын ала келісіп, қыз алып қашу да бар. Бүгінде қыз алып қашу салт емес, қылмыс, яғни адам ұрлау деп саналады. Тіпті Қазақстанның кейбір өңірлерінде қыз алып қашқан жігіттер сотталып, түрмеге қамалған еді.

8832
Кілт сөздер:
әмеңгерлік, бата, салт-дәстүр, қыз алып қашу
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

740
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

740
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1626
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1626

Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді видео

0
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ел президенті Владимир Путиннің мәлімдемесін оқып берді. Өз мәлімдемесінде Ресей басшысы АҚШ-ты ақпараттық кеңістіктегі оқиғалардың алдын алуға үндейді

Оның айтуынша, бұл үшін екіжақты келісім әзірлеу керек. Құжатта екі тараптың бір-бірінің ішкі істеріне араласпауына кепілдік беретін тетіктер айқындалмақ.

0