Арнайы операция, архивтегі фото

ҰҚК арнайы операция барысында 10 адамды ұстады

557
(Жаңартылды 13:10 31.10.2018)
Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы мен Қазақстанның үш облысында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 27 қазанында Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғыны ұсталды.

Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінді.

Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен астам қатысушы тұрған.

Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсету шараларына жеке қатысы бар-жоғы туралы деректер тексеріліп жатыр.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

 

557
Кілт сөздер:
терроризм, арнайы операция, ҰҚК, Қарағанды облысы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Алматы
Тақырып бойынша
ҰҚК газды заңсыз шығарған қылмыстық топты қолға түсірді
Оңтүстік Қазақстанда полиция мен ҰҚК 8 адамды ұстады
ҰҚК: Сирия мен Ирактың қарулы қақтығыс аймағында 390 қазақстандық бала бар
ҰҚК халықаралық террористермен байланысы бар бес адамды ұстады
Загрузка...