Дәурен Абаев

Абаев Қазақстанда интернеттің бұғатталуына қатысты түсініктеме берді

88
(Жаңартылды 13:10 31.10.2018)
Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірнеше мемлекеттік орган төтенше жағдай кезінде интернетті бұғаттауға құқылы

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде интернетті бұғаттауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі.

Қазақстанда бірнеше мемлекеттік органға төтенше жағдай кезінде желі мен байланыс құралдарын бұғаттауға рұқсат етілген еді. Мұндай құқыққа Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі ие болды. Бірақ үкіметтік және президенттік байланыс құралдары бұғатталмайды.

Журналистер үкімет кулуарында Абаевтан қаулыда көрсетілген "әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай деген не?" деп сұрады. Министр бұл сұрақты  тізімде көрсетілген мемлекеттік органдарға жолдаған дұрыс деді.

"Қаулы жарияланса, бұл мәселеде қатаң логика бар деген сөз. Тізімді біздің министрлік болмағандықтан, нені меңзеп тұрғанын толығырақ сұрап-білуім керек", — деді Абаев кулуарда. 

Ол су тасқыны кезінде байланыс мүлде жоғалмайтынын, төтенше жағдай кезінде халықты құлағдар ету өте жоғары деңгейде жүргізілетінін атап өтті.

"Су тасқыны болса, байланыс мүлдем жойылады деген нәрсе емес. Бұл жерде тек сондай мүмкіндік беріледі деп тұр. Арнайы радиоарналар жұмыс істеп тұрады. Сондықтан адамдарға су тасқыны болып жатыр деп хабарланады", — деді министр. 

Ведомство басшысы техникалық жағынан интернетті бір ғана қалада немесе бір облыста бұғаттау мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ мұндай шаралар су тасқыны кезінде желіде түрлі видеолардың таралмауы үшін қолға алынбағанын мәлімдеді. 

"Менің ойымша, бұл жерде халықтың дүрлігуіне жол бермеу үшін жасадып отыр", — деді ол.

88
Кілт сөздер:
бұғаттау, интернет, ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Дәурен Абаев
Тақырып бойынша
Абаев: ұялы телефондарды тіркеу нормасы экстремистердің ізін жасыруға жол бермейді
Абаев: біз Telegram-ды бұғаттауға мүдделі емеспіз
Ақпарат министрі Қазақстандағы сөз бостандығын бағалады
Ақпарат министрлігі қазақстандық БАҚ-қа ескерту жасады
Загрузка...